Date of publication: 06.12.2016 17:05
Date of changing: 06.12.2016 17:06

2016 жылдың 6 желтоқсанында Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жиын залында «Халыққа қызмет, мерейлі міндет!» атты форум өтті.

Форумды Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е. Зикеев ашты.

Форумға «Нұр Отан» партиясының Жамбыл филиалының, Жамбыл облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдері, Тараз қаласының салық төлеушілері, БАҚ өкілдері шақырылды.

Форумды өткізудегі мақсат мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты барлық жаңалықтар мен жетістіктерін таныстыру.

Форумда 2017 жылға салық кодексіне енгізілетін өзгерістер көрсетілді, сонымен қатар салық төлеушілердің сұрақтарына жауп берілді.