Салық төлеушілерге алкоголь өнімін көтерме және бөлшек сатуға арналған лицензиясы үшін жыл сайынғы лицензиялық алым сомасын 20 шілдеге дейін төлеу міндеті жүктелген.
Лицензиялық алым сомасы лицензия беру кезінде алынады, ал кейінгі жылдарға төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесі жылдың басынан туындайды да, оның орындалуы ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін жатады.
Егер де алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату қызметінмен айналысуды ағымды жылы тоқтатқан жағдайда, лицензияны 2016 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей өткізу қажет. Көрсетілген мерзімде өткізбеген жағдайда, лицензиялық алым сомасын төлеу міндеттемесі 2017 жылдың 1 қаңтарынан басталады да, 2017 жылдың 20 шілдесіне дейін орындалуға жатады.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 282 бабы 8 тармағына сәйкес, лицензиялық алым сомасын Салық кодексінде көрсетілген уақытта және көлемде төлемеген жағдайда, айыппұл салуға әкеп соғады, яғни тиiстi қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.