Date of publication: 30.11.2016 18:32
Date of changing: 30.11.2016 18:33

      2016 жылдың 30 қарашасында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен Мемлекеттік кірістер органдары жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбна брифинг өткізілді.

     Брифингке ішкі қауіпсіздік басқармасы басшысының м. а.                              Ғ. Т.  Дәулетбаев, адам ресурстары басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Д. Ғ. Батырханов қатысты.

     Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және ведомстволық Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің 2015-2017 жылдарға арналған жоспарын іске асыру шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитетімен өз қатарында, жосықсыз салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан да сыбайлас жемқорлық факторын төмендету бойынша батыл шаралар қабылдануда.

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиімді жұмыс Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органының приоритетті міндеті болып табылады. Осы мәселені шешумен біздің еліміздің болашағы, амандығы және қауіпсіздігі тікелей байланысты.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша департаменттің негізгі міндеттері

 – мемлекеттік кірістер органы қызметкерлері және жұмысшыларымен сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын, тәртіптік қылмыстар, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар фактілердің алдын-алу, жолын кесу және анықтау;

- мемлекеттік кірістер органы қатарын тазалауды қамтамасыз ету болып табылады.

     Сыбайлас жемқорлықпен күресте алдын-алу және профилактикалық шаралары қолдануға көп көңіл бөлінеді. Егер бұрынырақ ең бастысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл оның салдарына бағытталса және айыпты тұлғаларды жазалау болса, онда қазіргі таңда профилактикалық жұмысқа акцент қойылған.

     ҚР ҚМ Мемелекеттік кірістер комитетінің сенім телефонының                     8 (7172)70-98-20 және Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сенім нөмерлері 8 (7262)34-75-38 айтылды. Мемлекеттік кірістер органдарына келетін хабарламаларды қабылдау үшін 1412 нөмеріне, мобильды байланыс арқылы – 88000806452, сонымен қатар  8-778-144-1144 нөмері арқылы  WhatsApp мобильді үстеме қызмет атқарады.

      Тараз қ. Төле би даңғылы 81 мекен-жайы бойынша орналасқан Экономикалық тергеу қызметі ғимаратында тәулік бойы арыздар мен хабарламалар қабылданады