Date of publication: 28.11.2016 18:38
Date of changing: 28.11.2016 18:40

    2016 жылдың 24 қарашасы күні Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жиын залында мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлерімен кездесуі өтті.

    Кездесу 1 желтоқсан «Қазақстан Республикасының Тұғыш Президенті күніне» арналып ұйымдастырылғандықтан, Департаменттің Ардагерлер ұйымының төрайымы Мария Бекмухаметова бастаған ардагерлер, қатысты.

    Жиналғандардың алдында М. М. Бекмухаметова «Ұлт көшбасшысы» атты тақырыпта сөз сөйлеп, баяндама жасады.

    Ол, 2011 жылдың 10 желтоқсанында Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасының мереке күндері» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұғыш Президенті күні және бұл күнді мемлекеттік мейрам ретінде тойланатынын еске салды.

    Сонымен қатар, 1 желтоқсан-ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті сайлауда қазақстандықтардың толық сенімін алған күн деп  атап өтті. Біртұтас Қазақстан халқының өзіне артқан жоғары міндетін ұғынып-түсінетін Ұлт көшбасшысы өзінің Қазақстанның азаматтық және Президеттік парызын абыроймен орындап келеді.              

    Атап айтатыны, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жиырма бес жылдық тәуелсіздігі кезінде оның өркендеуіне көп еңбек сіңірген, тәуелсіздіктің қайнар көзінде тұрған және Қазақстан Республикасының Тұғыш Президенті күні біздің тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай құрылған болатынын ұмытпауымыз керек-деген баяндамашы, 1 желтоқсанды нақышты күн деп атап, бүгінде Тұңғыш Президентіміз –қазақстандықтардың кез-келген қиындықтарды жеңіп шығуының ұлттық нақышына, құндылығына айналып кеткенін айтты.

    Тұңғыш Президент күнін атап өту ол, Қазақстан әр азаматының жүрегіне сенімділік, болашақ ұрпағына жеңіс пен жасампаздық рухын ұялататын, жігер беретін киелі ұғым болуы тиіс.