Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2016 жылдың 16 қарашасында Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде кеден әкімшілігінің «2016 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы. Жылдың соңына дейінгі атқарылатын міндеттер» тақырыбында брифинг өткізді. Брифингке Департамент басшысының орынбасары Ерлан Ролланұлы Өмірзақов және басқарма басшылары Нұрлан Рахманбердыұлы Келесов, Артық Жарылқасынұлы Мұнайтпасов, Алмаз Ашымұлы Ниязалиев және БАҚ өкілдері қатысты.
Брифингте басшының орынбасары Е. Умурзаков 9 айдың қорытындысына, 2016 жылдың соңына дейінгі атқарылатын жұсытарға және 2017 жылға қойылған тапсырмаларға тоқталып өтті. Брифинг соңында қатысушылар БАҚ өкілдерінің Евразиялық экономикалық Одақ туралы, облысқа келетін тауарлардың импорты туралы, экспорт туралы және басқа да сұрақтарға жауап берді.