Date of publication: 19.01.2023 09:29
Date of changing: 19.01.2023 09:30
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Сіздің назарыңызға келесіні хабардар етеді, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16 бабына сәйкес, егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеуші Қорға әлеуметтiк аударымдарды ай сайын, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның банктік шоты арқылы төлемдерді жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей төлейдi.
   Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдардың сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде төлейді.
      Жоғарыда айтылғанды негізге ала отырып, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңының талаптарын орындамауы не тиісінше орындамауы ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 92 бабының 2 бөлігі бойынша ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылады, бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет осы Кодексінің 92 бабының 3 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікқе тарту қарастырылған, яғни, жекеше нотариустарға, жекеше сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының 20%, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30%, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 50% пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Осыған байланысты, есептелген әлеуметтiк аударымдарды уақтылы аудару қажетілігін ескертеміз.