Date of publication: 27.10.2016 19:06
Date of changing: 27.10.2016 19:07

    Қазақстан Республикасынан өткізілетін транзит кедендік рәсімі арқылы кедендік тауарларды орналастырылған кезеңінде оларды жөнелткен кеден органына транзиттік декларация табыс етіледі.

Транзиттік тасымалдау декларация ретінде көлік коммерциялық және (немесе) өзге де, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер бар құжаттар табыс етілуі мүмкін.
Транзиттік декларацияда:
1) көлік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес тауарларды жөнелтуші, алушы;
2) тауарды жөнелтуші ел, оларды жеткізу межеленген ел;
3) декларант;
4) тасымалдаушы;
5) тауарлар тасымалданатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралы;
6) коммерциялық құжаттарға, көлік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес тауарлардың атауы, мөлшері, құны;
7) Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың алғашқы алты белгіден кем емес деңгейдегі коды;
8) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының немесе Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесінің әрбір коды бойынша тауарлардың брутто салмағы немесе көлемі, сондай-ақ қосымша өлшем бірліктеріндегі мөлшері (мұндай мәліметтер болған жағдайда);
9) жүк орындарының саны;
10) көлік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес тауарларды жеткізу межеленген пункт;
11) егер мұндай өткізу осы құжаттар болған кезде жол берілсе, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар;
12) жолда тауарларды жоспарланған қайта тиеу немесе жүк операциялары туралы мәліметтер болуға тиіс.
     Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген транзиттік декларация ретінде қабылданатын құжаттарда осы тармақта көрсетілген барлық мәліметтер болмаса, жетіспейтін мәліметтер кеден органына табыс етілетін, мұндай транзиттік декларацияға қоса берілетін не онымен бірге жүретін құжаттарда болуға тиіс.
    Кеден органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, декларанттан басқа да мәліметтерді талап етуге құқылы емес.
    Транзиттік декларацияны кеден органы тіркейді, оның ішінде кеден органдары қолданатын ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып тіркей