Жарияланған күні: 15.06.2016 09:36
Өзгертілген күні: 15.06.2016 09:47

Әлеуметтік әріптестік Облыс кірісшілерінің көмегі

    Жетімін жылатпаған, жесірін ешкімнің қолына қаратпаған бойында тектіліктің тамыры бар халықтың ұрпағы болғанымызға мақтанамыз.

Бұған қоса, мырзалық, жомарттық, қолдың ашықтығы сияқты асыл қасиеттермен толысқан елдің ұрпағы болу әрине мәртебе.

     Осындай асыл қасиеттің бойымыздан үнемі жаңғырып отыруын мақсат тұтып, балалар үйі мен мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық көрсету үшін облыс кірісшілері яғни, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері отбасылық үлгідегі Ержановтар мен Тимофеевтер отбасына қайырымдылық жасап, пен көкөніс, жеміс жидектер және басқа да азық-түліктер салынған үлкен-үлкен бір-бір мұздатқыш сыйлады. 

   Описание: C:\Documents and Settings\u230\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.IE5\OHYB8XAN\IMG_2110.jpg        Описание: C:\Documents and Settings\u230\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.IE5\OHYB8XAN\IMG_2114.jpg

        Отбасылық үлгідегі Ержановтар мен Тимофеевтер отбасы асыраушысынан айырылған, ата-анасыз, қараусыз қалған балаларды балалар үйінен алып, өздерінің бауырларына басып, бір үйдің баласындай етіп тәрбиелейді. Қазіргі таңда екі отбасында тоғыз, тоғыздан он сегіз бала тәрбиеленуде. Олардың 8 студент болса, қалған сегізі 1 жас пен 13 жастың аралығындағы балалар.

     Сонау 1988 жылдан бері жұмысын бастаған Ержановтар отбасының алтын діңгегі Сапура апай. Өзінің 6 баласымен қатар тәрбиелеп өсірген балалары қазіргі уақытта үлкен бір әулет болып отыр.

    «-Ол кездері қатты қиналдық. Отағасы да дүние салып, шеттей бала-шағамен өзім қалдым. Әрине бұл мемлекеттік балалар үйі емес, тәрбиешілер мен қараушылар жұмыс істейтін. Бәріне өзім үлгеріп, осыларды қайтсем адам қыламын-деп жүріп жеткіздім Аллаһтың мұнысына мың шүкір. Барлығы да өмірдегі өз орындарын тауып, балалы-шағалы болып отыр-деген кейуананың жүзінен төгілген мейірім мен шуақты аңғармау мүмкін емес.

     Ержановтар мен қатар отбасылық балалар үйін ашықан Тимофеевтердің де қуанышында шек жоқ. Тимофеева Наталя Григорьевнаның айтуынша отбасылық үлгідегі балалар үйін ашуға өзінің құрсағынан шыққан қызының дүниеден өтуі себеп болған екен. Бұл өмірдің баласыз мағынасы жоқтығын сезініп, балалар үйінен 4 бірдей сәбиді асырап алған Тимофеевтер балаларының тату-тәтті, ешкімнің ала жібін аттамай, өмірден өз орындарын тапқандарына қуанады.

    Қайырымдылық көрсету үшін жағдайларын біліп, көзбен көруге барғандырымызда бұл екі отбасылық үлгідегі балалар үйінің ішіндегі бірін-бірі қолдауы, кішілерінің үлкендірінің айтқанын тыңдауы, әсіресе байқағанымыз үйлерінің сондай тап-тазалығына мән бермеу мүмкін емес...

    Қорыта келгенде, өз құрсағынан шыққан шаранасын әр жерге тастап жүрген көкек аналарға бұл екі отбасының жасап отырған істері үлгі болса екен деген тілек.