
Жаңалау жұмыстары басталуына байланысты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, олардың трансшекаралық орнын ауыстыру қажеттілігін есепке ала отырып, жұмыстардың өтуі аяқталуына дейін 2020 жылғы 20 ақпанның сағат 00.00 бастап «Қордай» автомобильдік өткізу пунктінде тұлғаларды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу бойынша шектеулер енгізілуде.
Осыған байланысты, жаңалау аяқталуына дейін, тек қана Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтары Мемлекеттік шекара арқылы шағын жүкпен (қол жүгімен) сағат 06.00 бастап 24.00 дейінгі кезеңде жаяу тәртіппен өткізілетін болады.
Шетелдіктерді және көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу үшін олардың түрлері, мәртебесі және режімді жұмыстарына сәйкес Қазақстан – Қырғыз шекарасындағы басқа өткізу пунктілерін пайдалану ұсынылады.
Халықаралық: «Қарасу» автожолдық (Қазақстан Республикасы) – «Ақ-Тілек» автожолдық (Қырғыз Республикасы); «Сыпатай Батыр» автожолдық (Қазақстан Республикасы) - «Чалдыбар» автожолдық (Қырғыз Республикасы); «Айша-Бибі» - автожолдық (Қазақстан Республикасы) - «Чон-Капка» - автожолдық (Қырғыз Республикасы); «Кеген» автожолдық (Қазақстан Республикасы) - «Каркыра» автожолдық (Қырғыз Республикасы); «Мерке» темір жолдық (Қазақстан Республикасы) - «Каинды» темір жолдық (Қырғыз Республикасы);
екі жақты: «Сартөбе» автожолдық (Қазақстан Республикасы) – «Токмок» автожолдық (Қырғыз Республикасы); «Аухатты» автожолдық (Қазақстан Республикасы) - «Кен-Булун» автожолдық (Қырғыз Республикасы) сәйкес Хаттама ратификациялану рәсімі аяқталғанға және мәртебесі халықаралыққа өзгергенге дейін.