
«Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің интеграцияланған кедендік құрамдауышын («АСТАНА-1» АЖ) техникалық қолдауды қамтамасыз ету және жаңғырту жөніндегі тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 830 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.
Қаулының жобасы «АСТАНА-1» АЖ үздіксіз техникалық қолдау мен жаңғыртуды қамтамасыз ету мақсатында ЮНКТАД-пен 2025 жылғы 11 қарашаға дейін одан әрі ынтымақтастықты жалғастыру үшін қажет.
Қаулының жобасы 2023 жылғы 12 қазанда https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14748876 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Қаулының жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 27 қазанға дейін.