
Жыл сайын Қазақстанда ұстаздар күні қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтілетін.
Биылдан бастап бұл күнді тойлау әлемнің 100-ден астам елінде атап өтілетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен бір күнде тойланады.
Дүниежүзілік мұғалімдер күні алғаш рет 1994 жылы 5 қазанда атап өтілді.
Мұғалімдер күні – барлық білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі. Бұл күні ұстаздардың барлық қызметтері үшін ерекше алғыс айтылады. Олардың білімге қосқан баға жетпес үлесі қоғам дамуы үшін маңызды.
Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог жұмыс істейді.
Құрметті ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, бақыт, еңбекте табыс және ынталы шәкірттер тілейміз!