2016 жылдың 8 қарашасында Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Конференц залында облыстық деңгейдегі «Чек талап етіп – жүлде ұтып ал» Акциясының 1-кезеңінің үш жеңімпазын марапаттау салтанаты өтті.
Бұл марапаттау салтанатына облыстық БАҚ өкілдері шақырылды. Жеңімпаздар болып Бахытбек Шарипов, Сакен Тунгатаров және Ерлан Нуржановтар аталды.
Құттықтау сөзімен Департамент басшысының орынбасары Нұрғали Сапарәліұлы Құдайбергенов шықты. Салтанатты жағдайда жеңімпаздарға бірдей бағамадағы жүлделер – диагоналы 107 см болатын теледидарлар тапсырылды.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, облыс тұрғындарын осы Акцияға белсенді түрде қатысып және басты ұтыс өз Автомобильңізді ұтып алу мүмкіншілігін жіберіп алмауыңызды ескертеміз.
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті