Жарияланған күні: 27.10.2016 16:16
Өзгертілген күні: 27.10.2016 16:26

   Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.

   Жанармайды  (авиациялық жанармайды қоспағанда) дизельдік отынды, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар 2015 жылғы 1 шілдеден бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы  № 1129 қаулысымен бекітілген тізбеде көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар 2016 жылғы 1 қантардан бастап бақылау-кассалық машинасының мемлекеттік тізіліміне қосылған деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау кассалық машинасын қолдануға міндетті.  

   Сонымен қатар, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау кассалық-машинасының үлгісі ретінде Мемлекеттік тізілімге қосылмаған бақылау-кассалық машинасын қолданатын тұлғалар бар, яғни аталған тұлғалар ақшалай есеп айырысу жөніндегі деректерді беру кезінде деректерді беру операторы «Қазақтелеком» АҚ әзірленген «Фискальді драйвер» БҚЕ арқылы фискальді тіркеуіштерді пайдаланады.  

   Осыған байланысты, 2016 жылдың 31 желтоқсанында «Фискальді драйвер» БҚЕ тоқтатылатындығын ескере отырып, фискальді тіркеуіштерді деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар жаңа үлгісіне ауыстыру қажет немесе модернизациялау қажет.

   Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар фискальді тіркеуіштердің жаңа үлгісіне ауысу бойынша толық мәлімет «Қазақтелеком» АҚ-ның интернет ресурсында (www.oofd.kz) орналасқан.

   Қазіргі уақытта бақылау-кассалық машинасының Мемлекеттік тізіліміне деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машинасының 35 жаңа үлгісі, оның ішінде 8 фискальді тіркеуіш енгізілген.