
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
Уәкілетті экономикалық операторлар туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы қазақстан-қытай кеден шекарасында «Сенім» жобасын жүзеге асыру туралы хаттамаға қол қойылды.
«Сенім» жобасы қатысушыларға:
өткізу пункттеріне тауарлардың келуіне қатысты кедендік операциялардан өту уақытын минимизациялауға;
жеке жүру жолақтары бойынша орын ауыстыруға (өткізу пункттерінде инфрақұрылымдық мүмкіндіктер болған жағдайда);
операциялық залдарда құжаттамалық бақылауды өткізуге арналған жеке жұмыс орындарына (терезе);
уәкілетті экономикалық операторлардың (бұдан әрі – УЭО) тауарларды бөлмелерде, ашық алаңдарда және басқа да аумақтарда уақытша сақтауға;
кедендік транзит процедурасын орындау кезінде кедендік баж салығын және салықтарды төлеуді қамтамасыз ету бойынша талаптардың болмауына;
кедендік декларацияны ұсынуға және кедендік процедураға орналастырғанға дейінгі кедендік операцияларды орындаудың бастапқы тәртібіне;
мерзімдік кедендік декларациялауды жүзеге асыру кезінде кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолданылмайды.
Бұл жобаның қатысушылары «Сенім» жобасындағы Тарап - елдердің заңнамасына сәйкес арнайы жеңілдіктер қолданылатын УЭО мәртебесі бар заңды тұлғалар бола алады.
УӘКІЛЕТТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОПЕРАТОР түсінігі және мәртебесі туралы көбірек білу үшін, УӘКІЛЕТТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОПЕРАТОРҒА арнайы жеңілдету туралы, УӘКІЛЕТТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОПЕРАТОР куәлігін алу шарттарын білу үшін, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» ҚР кодексінің 6 тарауына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік бақылау басқармасына туындаған сұрақтарыңыз бойынша келіп білуіңізге болады.
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Қолбасшы-Қойгельді көшесі 188, 4-ші қабат, Кедендік бақылау басқармасы.