Date of publication: 13.12.2016 09:36
Date of changing: 13.12.2016 09:37

   Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №493 «Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, «ҚР Кеден ісі туралы» ҚР Кодексінің 143 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдау және тіркеу кеден бекетінің уәкілетті тұлғасымен жузеге асырылуы мүмкін.

    Яғни, кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету рәсімін едәуір жеңілдету үшін СЭҚ қатысушы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету қажет болған жағдайда кеден бекетіне кедендік баждар мен салықтардың төленуін тіркеу үшін өтініш жасауға мүмкіндігі бар.