Дата публикации: 15.11.2017 15:39
Дата изменения: 15.11.2017 15:39

      Азаматтардың құқығын барынша әділ, қорғау бүгінгі күннің ең өзекті мәселесінің бірі. Мұндай маңызды жұмыс тек құзырлы орындардың қызметін  реттеп, атқаратын функцияларын тең бөлумен шектелмейді. Қоғамда  айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу үшін заңнамаларды да барынша ізгілендіріп, халықаралық талаптарды ескерген дұрыс. Дамыған  отыз елдің қатарына  қосылғымыз келсесол озық мемлекеттерден үлгі алып, қолайлы орта  қалыптастыру ортақ міндетімізге айналуы тиіс.

        Жоғарғы Соттың, Прокуратураның, әділет саасының  адвокатураның  қызметңін  жандандыруға бағытталған заңнамалар қазір көпшілік талқысына  ұсынылған. Соның бірі – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық  актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәлелелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы  жақында парламент мінберінде таныстырылды. Құжаттағы қылмыстық  процестік  құқықты жақсартуды көздеген бірнеше тың өзгерісті атапөтуге болады. Жобада қылмыстық процесте азаматтарды қорғау деңгейін арттыру, адам тағдыры шешілетін процеес кезінде жарыспалылықты күшейту,сотқа дейінгі  сатыда сот бақылауын қатайту, сондай-ақ, тергеу жүргізу тәртібін оңтайландыру  мен тергеу, прокуратура, сот қызметінде бір-бірін қайталаушылықты болдырмауға  көмектесетін тетіктер қамтылған. Бұл өзгерістер  ойдан алынған жоқ.

    Мұның барлығы әлемнің дамыған елдерінде кеңінен қолданылып дұрыстығын дәлел  деп қойған. Біз осы жаңалықтарды өз менталитетімізге, өз санымызға бейімдеп  тәжірбиеде қолдана алсақ болғаны.