Дата публикации: 24.04.2017 17:10
Дата изменения: 24.04.2017 17:11
ХАБАРЛАНДЫРУ
     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2017/2018 жылдарға арналған Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметiнiң Ресейлік кеден академиясына күндізгі оқу нысанына түсу үшін алдын ала конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.
     Ресейлік кеден академиясының филиалына мынадай мамандықтарға «Кеден ісі» (маман), «Заңгер» (бакалавр), «Экономика» (бакалавр) күндізгі оқу нысанына қабылдау жүргізілетін болады:
     Академия (Москва облысы, Люберцы қаласы);
В.Б. Бобков атындағы Санкт-Петербургтік  филиалы;
     Ростовтік филиал.
     ТМД мемлекеттерінің қатысушы азаматтары Академияға түсетін кезде:
- «Кеден ісі» (маман) мамандығы бойынша мынадай пәндерден: орыс тілінен, шет тілінен, қоғамтанудан және дене шынықтыру бойынша кәсіби бағыттағы қосымша жазбаша тестілеу нысанында оқуға түсу сынақтарын тапсырады;
- «Заңгер» (бакалавр) дайындау бағыттары бойынша мынадай пәндерден: орыс тілінен, қоғамтанудан, тарихтан жазбаша тестілеу нысанында оқуға түсу сынақтарын тапсырады;
- «Экономика» (бакалавр) дайындау бағыты бойынша мынадай пәндерден: орыс тілінен, математикадан, қоғамтанудан жазбаша тестілеу нысанында оқуға түсу сынақтарын тапсырады.
     Академияға оқуға түсу үшін толық көлемде оқу бағдарламасын табысты игеруі және жоғары үлгерім деңгейі мен орыс тілін жақсы білуі қажетті шарттар болып табылады.
     Академияда оқу мерзімі күндізгі оқу түрінде «Кеден ісі» мамандығы бойынша – 5 жыл, «Экономика», «Юриспруденция» мамандықтары бойынша – 4 жыл.
     Қабылдау ережесі, сондай-ақ Академияға түсу сынақтары үшін бағдарламалар туралы егжей-тегжейлі ақпараттар: www.rta.customs.ru сайтына орналастырылған.
     Алдын-ала конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер 2017 жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде жазбаша нысандағы өтінішті, жеке куәлік көшірмесін, мектепті бітіргені туралы аттестаттың және ҰБТ нәтижелерінің көшірмелерін, 2017 жылғы түлектері үшін – бірінші-үшінші тоқсанның үлгерімі туралы табельдерінің көшірмелерін shberdenova@mgd.kz электрондық мекенжайға жолдауы қажет. Барлық сұрақтар бойынша: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10-үй мекенжайына, мына телефонға 8-717-2-70-98-06 хабарласуға болады.