Дата публикации: 27.05.2015 15:17
Дата изменения: 27.05.2015 15:17

Өткен аптада Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұрғалы Сапарәліұлы Құдайбергенов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін жинап, Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығының жұмысымен таныстырды.

Пресс-турды өзі бастаған Н. Құдайбергенов жеке және  заңды тұлғаларды, дара кәсіпкерлерді тіркеу орталықтарының жұмысы туралы айтып берді.

 

Орталық заманауи қондырғылармен жабдықталған. Электронды кезек, арнайы монитор кезекті бақылап отыратын, шақыратын құрал кезегі келген тұлғаны бәрі-бәрі өз орнында.

Жылдан жылға Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік органдарға еліміздегі кәсіпкерлік саласының көкжиегін кеңейтіп, түрлі әкімшілік кедергілерді біртіндеп жою қажеттігін міндеп келеді. Бүгінгі таңда да қызу талқыланып, шет ел немесе өзіміздің саяси сарапшылардың үлкен қолдауына ие боп отырған «100 нақты қадам» бағдарламасында да кәсіпкерлікке кеңінен қолдау табылған, деген Департамент басшысының орынбасары Нұрғали Құдайбергенов биылғы жылға жоспарланған міндеттермен бөлісті.

Әділет министрлігінің Халыққа қызмет көрсету орталығы комитеті мен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік қызмет түрін көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында пилоттық жобаға кірісті. Қазіргі уақытта Тараз қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының бес маманы қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығында тәжірибеден өтуде. 

1-ші сәуірден бастап, Басқарма тарапынан «Түбіртек талап ет!» акциясы басталды. Бұл акцияның негізгі мақсаты қала тұрғындары мен қонақтарына Тараз қаласы аумағындағы кез-келген сауда нүктесі, демалыс және ойын-сауық орталықтары, мейрамхана-кафе, тамақтанатын орындар секілді халыққа қызмет көрсететін орындардан алған қызметіңіз үшін түбіртек талап етуді көздейді. Яғни, Сізге ақылы түрде қызмет көрсетуші өздері көрсеткен қызметтеріне төлем ақысымен қоса түбіртек ұсынуға міндетті. Өйткені түбіртекте көрсетілген қызмет түрі бойынша мемлекеттік бюджетке салықтар есептелетін болады.

Сізбен сатып алынған тауарға көңіліңіз толмаған кезде Сіздің құқығыңызды және мүддеңізді қорғау кепілдігін қамтамасыз ету үшін яғни,

тауардың құнын төлеген соң,  Cалық кодексімен айқындалған тәртіпте Сіз одан бақылау-касса машинасының чекін талап етуге құқылысыз.

Сізге сатушы бақылау-касса машинасының чекін беруге міндетті.

Чекті беруден бас тартқан жағдайда – аталған факті бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін бұзу болып табылады және сатушыны әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеліп соғады.

Бақылау-касса машинасының чекін бермеу барлық фактілер бойынша мемлекеттік кірістер органдарына хабарлауыңызға болады, сондықтан  халықты ақылы қызметтерден міндетті түрде түбіртек талап етуге дағдыландыруымыз қажет, дейді Департамент басшысының орынбасары Нұрғали Құдайбергенов. Қазіргі уақытта тараздық кірісшілер қаладағы 114 ақылы қызмет көрсететін орындарға үгіт-насихат жадынамасын іліпті.

Бұл пресс-турдан, мемлекеттік қызмет түрлерін сапалы ұсынып, қарапайым халыққа қызмет етудің үлгісін ұғып қайттық.

 

Тараз қаласы бойына Мемлекеттік кірістер басқармасының  баспасөз қызметі.