Жарияланған күні: 30.10.2015 15:52
Өзгертілген күні: 30.10.2015 15:52

       Жалпы Жамбыл облысы бойынша 2015 жылдың 9 айындағы жағдайы бойынша Мемлекеттік бюджеттің салықтар мен кеден төлемдері бойынша орындалуы 102,2 пайызды құрады. Болжам  – 45170,2 млн. теңге болса, нақты түсім 46174,7 млн. теңге, немесе 1004,5 млн. теңгеге артық түсті.  Өткен  жылмен салыстырғанда түсім 149,2 млн.теңгеге артқан, өсу қарқыны  - 100,3 пайыз.

       Республикалық бюджеттің  болжамының  орындалуы 97,9 пайызды құрады немесе болжам  – 16246,7 млн. теңге болса, түсім 15905,6 млн. теңге, түсім 341,2 млн.теңгеге кем. Өткен жылмен салыстырғанда 3671,7 млн теңгеге кем түсті, өсу қарқыны  - 81,2 пайызды құрады.

      Салық төлемдері бойынша болжамның орындалуы 97,5 пайызды құрады немесе түсім 262,5 млн. теңгеге кеміді, яғни болжам 10533,6 млн. теңге болса, нақты түсім 10271,1 млн. теңге.

     Кеден төлемдері бойынша болжамның орындалуы 98,6 пайызды құрады немесе түсім 78,7 млн. теңгеге кем, яғни болжам 5713,1 млн. теңге болса, нақты түсім 5634,5 млн. теңге.

     Жергілікті бюджеттің  болжамының  орындалуы 104,7 пайызды құрады немесе болжам  – 28923,5 млн. теңге болса, нақты түсім 30269,2 млн. теңге, түсім 1345,7 млн.теңгеге артық. Өткен жылмен салыстырғанда 3820,9 млн теңгеге артық түсті, өсу қарқыны  - 114,4 пайызды құрады.

  Жамбыл облысы мемлекеттік бюджет кірістерінің толық орындау мақсатында, салықтарды әкімшіліктендіру, салық есептілігі нысанына камеральдық бақылау жұмыстарын жүргізу, толық төленбеген салықтарды, алымдарды өндіріп алу жұмыстары, тақырыптық және кешенді салық тексерісі бойынша  қосымша резервтерді табу үшін 2015 жылға бекітілген іс- шаралар бойынша жан жақты жұмыстар жүргізілді.

       Жыл басынан Автоматтандырылған камералдық бақылау нәтижесінің қортындысымен 1229,9 млн. теңге қосымша есептелініп, бюджеттке 961,8 млн. теңге өндірілді, сонымен қатар төлем тапсырмасы бойынша 167,9 млн. теңге бюджетке аударылды және 831 млн.теңгеге артық төленген соманың есебі жабылды.

       Ағымдағы 2015 жылдың есебі бойынша мемлекеттік бюджетке қол жүйесі  камералдық бақылау жұмыстары жүргізілгеннің  және салықтарды әкімшіліктендірудің нәтижесінде 5505,4 млн. теңге қосымша есептеліп 2206,6 млн. теңге өндірілді.

        Экономикалық бақылау жұмыстары бойынша 1678 салық тексерісі жүргізілді, оның ішінде 41- кешенді, 43 – тақырыптық, 717 – қарсы, хранометражды зерттеу және 806- басқа да сұрақтар бойынша тақырыптық тексеру. Сонымен қатар 12 кедендік камеральдық бақылау және 2 рет жоспардан тыс шығу кедендік тексерістері жүргізілді.

       Жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде 10279,4 млн. теңгеге салық және төлемдер қосымша есептелінді, ал қозғалған қылмыстық іс бойынша табылған жалған кәсіпорындар 8973,2 млн. теңгені құрады (бұл соманы өндіріп алу мүмкін емес). Салықтық тексеріс кезінде косымша есептелінген өсімпұл, айыппұлдан бюджетке 95,7 млн. теңге өндірілді, оның ішінде салықтық тексерісінен -92,1 млн. теңге, кедендік тексеруден – 3,6 млн. теңге.

      Былтырғы жылдың тексеру актісінің қортындысымен 123,7 млн. теңге бюджетке өндірілді, оның ішінде салықтық тексеру – 43,1 млн. теңге, кедендік  тексеріс -  80,7 млн. теңге.