Жарияланған күні: 26.12.2017 17:13
Өзгертілген күні: 26.12.2017 17:15
Жеңімпаздарға жүлделерді табыстау
 
         Кең ауқымды республикалық Мемлекеттік кірістер комитетінің ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» Акциясы жыл сайынғы дәстүрге айналып отыр. Ағымдағы жылдың 7 айы бойы, осы Акцияға халық белсене қатысты.  
         Бұл Акцияның түпкілікті қорытындыларымен расталып отыр және бұл қуантады. Атап айтқанда, көрсетілген кезеңде Република бойынша Акцияға 26 мыңнан аса адам қатысты, олармен 2 млн 384 мың кассалық чектер жіберілді. Қуантарлық жәй, бұл Акцияға өз үлесін Жамбыл облысының тұрғындары да қосты, олар, 1130 Акцияға қатысушылар, барлығы 150 мыңнан аса кассалық чектер жолдады. Сонымен біздің облыс 14 облыстың және 2  республикалық маңызы бар қалалардың ішінде жүлделі 5-ші орынды иеленуге мүмкіндік берді. Бұл ретте, біздің облыс Астана және Алматы қалаларын басып озды. 
         2017 жылдың 13 желтоқсанында Астан қаласында «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» Акциясының бас жүлдесі – жеңіл автокөліктің ұтыс ойыны өтті. Жеңіл автокөліктің бақытты иегері болып Павлодар қаласының тұрғыны Әсет Амеркулов болса, ынталандыру сыйлықтарының – теледидар және планшет иегерлері болып Оңтүстік Қазақстан облысының және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары болды.
         Жоғарыда келтірілген деректер, халықтың салық мәдениетінің және тұтынушылардың салықтық сауаттылығын сақтау саласындағы құқықтарының деңгейін артқанын көрсетеді.       
         Сатушыдан немесе қызметті көрсетушіден фискалды чекті талап ету сауда келісімдердің және көрсетілген қызметтердің міндетті шарты болып табылады және де бұл мемлекетіміздің заңнамалық-нормативтік актілерімен реттеледі.
         Сізге мерзімі өткен тауарды өткізгенде, сатушының алдауы кезінде немесе сапасыз қызмет көрсеткенде қолда фискалдық кассалық чектің болуы сот органдарында даулы жағдайларды шешу үшін негіз болып табылады. Бұдан басқа, кассалық аппаратты қолдануды талап ету және фискалдық кассалық чектің болуы табыстарды жасыруға және «көлеңкелі экономика» сенімді тосқауыл бола алады.
        Бұдан былай, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті және ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мұндай Акцияны тұрақты негізде өткізуді жоспарлауда. Бүгінгі облыстық Акцияның жеңімпаздары болашақта болатын Акцияның белсенді қатысушыларына айналады деп сенгіміз келеді.         Жамбыл облысының қараша айының «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» Акциясының 1-кезеңінің жеңімпаздары болып
Жабаев Сайлау Халдарханұлы
Бейбітбекқызы Сымбат
Әли Ұлбосын Тлеужанқызы атанды
 
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!