Жарияланған күні: 17.08.2018 08:37
Өзгертілген күні: 25.08.2018 17:07
Жамбыл  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Тарифтік реттеу және пост кедендік бақылау басқармасында 2018 жылғы
2 тоқсандағы жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі бойынша
 Талдаулық ақпарат
 
  1. Бастапқы бөлік
1. Жемқорлыққа қарсы мониторинг:
- мемлекеттік қызметтерді ұсыну;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініші;
- тарифтік реттеу және пост кедендік бақылау басқармасының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер.
 
  1. Ішкі талдау жасалған нысанның атауы.
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Тарифтік реттеу және пост кедендік бақылау басқармасы, басқарма басшысы – Аманжолов Ерик Жаманқұлұлы. е.amanzholov@kgd.gov.kz, ж.т. 8 7262 45-08-08.
 
  1. Жемқорлыққа қарсы мониторингтің жүргізілген мерзімі:
Басталған уақыты 01.04.2017 жыл, аяқталған уақыты 18.06.2018 жыл.
 
  1. Бақыланған мерзім:
2018 жылдың 2 тоқсан қызметі.
 
  1. Тарифтік реттеу және пост кедендік бақылау басқармасының
қызметі (әрі қарай - ТРжПКББ):
ТРжПКББ қызметкерлеріне міндеттелген басты тапсырмалары орындау үшін Басқарма төрт мемлекеттік қызмет көрсетеді:
  • «Преференциалды және преференциалды емес режімдерді қолдану
барысында тауарлардың шыққан елін анықтау бойынша алдын ала шешім қабылдау»;
  • «Тауарларды сыныптау бойынша алдын ала шешім қабылдау»;
  • «Кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу»;
  • "Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту".
Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне түсіндірме
түріндегі жауаптар дайындалып, жолданады. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну барысында ТРжПКББ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ережелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді ұсыну регламенттері мен стандарттарын басшылыққа алады.
 
  1. Жемқорлыққа қарсы мониторингтің деректері:
  1. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан
Республикасындағы кедендік реттеулер туралы» Кодексі;
  1. ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы»
Заңы;
  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы
«Мемлекеттік кірістер органдарындағы кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету, кедендік баждар мен салықтардың соммасын анықтау, сондай-ақ бас кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолдану ережелерін бекіту туралы» № 294 бұйрығы;
  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 16 мамырдағы
№ 312 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 04 маусымдағы №348 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы;
  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 04
желтоқсандағы № 540 бұйрығы (189 тармақ);
  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28
қыркүйектегі № 439 Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі жинақталған кеден компонентінің «Кедендік транзит» жүйесі (әрі қарай – «АСТАНА – 1» ЖЖ) бұйрығы;
  1. Кеден одағы мүшелерінің кеден қызметі біріккен коллегиясының 2017
жылғы 28 қыркүйектегі №24/5 «тауарларға арналған декларацияларды ұсынуға дейін, тауарларды шығару барысында кедендік баждар мен салықтардың, сондай-ақ демпингке қарсы, арнайы және компенсациялық баждардың төленуін қамтамасыз етуді анықтау бойынша әдістемелік ұсынысы»;
  1.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 27
сәуірдегі №284 ««Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде 2017 жылғы 17 тамызда 15 502 нөмірімен тіркелген) бұйрығы толықтыруларымен және өзгертулерімен.
 
                                           2. Түсіндіру бөлігі
 
2018 жылғы 2 тоқсанда ТРжПКББ  мемлекеттік қызметтің 4 түрі ұсынылды, олар:
  • «Преференциалды және преференциалды емес режімдерді қолдану
барысында тауарлардың шыққан елін анықтау бойынша алдын ала шешім қабылдау» - 0;
  • «Тауарларды сыныптау бойынша алдын ала шешім қабылдау» - 8 (18.06.2018ж.);
  • «Кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу» - 14 кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету кәртішкесі;
  • "Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту" - 0.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді ұсыну барысында ҚР ҚМ 2017 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығымен бекітілген мерзімді бұзу болған жоқ. Қандай да бір ТРжПКББ қызметкерлерінің іс-әрекетіне қызметті алушы тараптан шағымдар түскен жоқ.
ТРжПКББ басшысымен басқарма қызметкерлері арасында үнемі жемқорлыққа жол бермеуге арналған профилақтикалық жұмыстар жүргізіліп тұрады. Күнделікті шұғыл жиындарда басқарма басшысы бақылаудағы құжаттарды тексеріп, құжаттардың мерзімінде орындалуын қадағалайды. Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік қызметкерлердің әдебін және Қазақстан Республикасы заңнамаларын жұмыс орнында және қоғамдық орындарда қатаң сақтауды еске салып тұрады. Басқарма басшысымен жүргізілген жемқорлыққа қарсы талдаудың нәтижесі  оның тиімділігін көрсетеді. Бұған дәлел сыбайлас жемқорлық үшін басқармада тәртіптік жазаға тартылған қызметкерлердің жоқтығы болып табылады.
ТРжПКББ қызметкерлерімен үнемі түрде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі сақталады. Мемлекеттік қызметші тарапынан Сыртқыэкономикалық қызметке қатысушыларға сапалы және шұғыл кеңестер ұсынылып, мемлекеттік қызмет ұсынудың стандарттары мен регламенті қатаң сақталады.
Сондай-ақ, ҚР ҚМ МКК төрағысы А.М. Теңгебаевтың 2017 жылғы 03 наурыздағы № 95 бұйрығымен бекітілген  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарындағы жемқорлықтан алдын ала сақтандыр бойынша 2017 жылғы арналған іс-шаралар жоспары қарастырылды. Аталған жоспарға сәйкес, басқармамен Преференциалды және преференциалды емес режімдерді қолдану барысында тауарлардың шыққан елін анықтау бойынша алдын ала шешімді және тауарларды сыныптау бойынша алдын ала шешімдерді дұрыс қабылдау, кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етуді дұрыс тіркеу, кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту және кедендік құнды анықтау әдісін қолдану, жеңілдіктер ұсыну бөліп төлеу сияқты преференцияларды ұсыну жұмыстары жүргізілуде.
         Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген мерзімде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу мемлекеттік қызметі ұсынылуда.
Жасалған жұмыстардың нәтижесі ҚР ҚМ МКК және Департаменттің басшылығына ұсынылған талдаулық ақпараттарда, есептерде көрсетіледі.
 
 
                                         3. Қорытындылау бөлігі
 
      Мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттігі Департаменті басшысының және Жамбыл облысы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес Департаменті басшысының 2017 жылғы 05 сәуірдегі №27 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 2017 жылғы 06 сәуірдегі № 69-нег бұйрығының негізінде Департаментпен үнемі түрде Департаменттің қызметі аумағындағы жемқорлық тәуекеліне талдау жүргізіліп тұрады.
      Есепті кезең ішінде кедендік баждар, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сертификаттарын тіркеу «Астана-1» жүйесі арқылы жүзеге асырылды.
Жоғарыда көрсетілген жұмыс бизнес үшін ыңғайлы шарттарды қалыптастырып, бюджетке түсетін кедендік баждар мен салықтарды арттыруға, мемлекеттік кірістер органдарының имиджін көтеруге септігін тигізеді.
      Мемлекеттік қызметті ұсыну барысында қызметшілер басшылыққа алатын нормативтік құқықтық актілерді оықп үйренудің нәтижесінде, сыбайлас жемқорлықты туындататын әрекеттер айқындалған жоқ.
     Есепті кезеңдегі Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне талдау нәтижесі, кадрларды іріктеу, конкурс нәтижесінде жұмысқа қабылдау, лауазымға тағайындау, көтермелеу және тәртіптік жазаға тарту барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелінің жоқтығын көрсетеді.