Жарияланған күні: 17.09.2018 09:34
Өзгертілген күні: 17.09.2018 11:02
     2017 жылы жеке тұлғалардан мүлік және жер салығына салық төлеу жүргізілген жоқ, себебі  2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 391 бабының 3 тармағына және 409 бабының 7 тармағына  сәйкес  жоғарыда көрсетілген салық төлемдері салық кезеңінің келесі жылының 1 қазанына дейін жүргізіледі.

Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке тұлғалар мүлігі салығының төлеушілері болып табылады.

     Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан,  жеке меншік құқығы бар тұрғын үй, ғимарат, саяжайлық құрылыстар, гараждар және өзге құрылымдар, ғимараттар, үй-жайлар жеке тұлғалардың мүлік салығын салу объектісі болып табылады.  Салық кодексімен келесі тұғалар жеке тұлға салығын төлемейтін тұлғалар болып қарастырылған:

1. Совет үкіметі батыры, Социалистік Еңбек ері, «Халық қаһарманы» , «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтары берілген, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан», көп балалы ана, «Мать Героина» атағы берілген, «Алтын алқа» төс белгісімен марапатталғандар, бөлек тұратын зейнеткерлер – сәйкес келетін қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңымен бекітілген жеке меншігіндегі барлық салық обьектілерінің жалпы құнының айлық есептік көрсеткішінің 1000 еселік көлемінде;

2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары және жеңілдіктерімен және кепілдіктерімен оларға теңестірілген тұлғалар, бұрынғы ССР Одағының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мінсіз әскери қызметі үшін және жанқиярлық еңбегі үшін ордендерімен және медальдарымен  марапатталғандар, сонымен қатар 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында алты айдан артық уақыт жұмыс жасаған (қызмет атқарған) және бұрынғы ССР Одағының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мінсіз әскери қызметі үшін және жанқиярлық еңбегі үшін ордендерімен және медальдарымен  марапатталмаған тұлғалар, мүгедектер – сәйкес келетін қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңымен бекітілген жеке меншігіндегі барлық салық обьектілерінің жалпы құнының айлық есептік көрсеткішінің 1500 еселік көлемінде;

3. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 18 жасқа толғанға дейін;

     Заңмен жеңілдік қолдану үшін зейнеткерлердің зейнеткерлік жасқа толмаған тұлғалардан бөлек тұруы талап етілген, сонымен қатар бұндай мүліктерді мүліктік наймға (жалға) беруге рұқсат етілмейді.

      Салық салу объектілері бар тұлғалар жер салығын төлеуші болып табылады:

  • жеке меншігі бар;
  • жерді үнемі қолдану құқығы бар;
  • жерді уақытша алғаш рет ақысыз қолдану құқығы бар.

    Жер учаскілері (жалпы ортақ жер учаскісінде – жер үлесі бар) салық салу объектісі болып табылады. Кондоминиум (көп қабатты үй), объектісі бөлігі болып табылатын жер учаскілері жалпы мүлікте  кондоминиум объектісінің бөлігі болып табылатын үй-жайлардың (ғимарат бөліктерінің) иелерінің әрқайсысының пропорционалдық бөлігі жер салығын салуға жатады. 

     Келесі тұлғалар жер салығын төлемейтін тұлғалар болып қарастырылған:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері, сонымен қатар жеңілдіктерімен және кепілдіктерімен оларға теңестірілген тұлғалар, бұрынғы ССР Одағының Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы мінсіз әскери қызметі үшін және жанқиярлық еңбегі үшін ордендерімен және медальдарымен  марапатталғандар, сонымен қатар 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында алты айдан артық уақыт жұмыс жасаған (қызмет атқарған) және бұрынғы ССР Одағының Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы мінсіз әскери қызметі үшін және жанқиярлық еңбегі үшін ордендерімен және медальдарымен  марапатталмаған тұлғалар, мүгедектер, сонымен қатар мүгедек балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар кәмелет жасқа толғанға дейін;
  • тұрғын үй қорымен иемделінген, соның ішінде құрылыс және ғимарат салуға  иемделінген жер учаскілері;
  • үй иемдігіндегі жер учаскілері; 
  •  жеке  үй шаруашылығын, саябақтар құрылысын, құрылыс жүргізуге берілген жер учаскілері;
  • гараж салуға иемделінген жер учаскілері;
  •  көп балалы ана, «Мать Героина» атағы берілген, «Алтын алқа» төс белгісімен марапатталғандар:

          тұрғын үй қорымен иемделінген, соның ішінде құрылыс және ғимарат салуға  иемделінген жер учаскілері;

          үй иемдігіндегі жер учаскілері; 

  •  бөлек тұратын зейнеткерлер:

          тұрғын үй қорымен иемделінген, соның ішінде құрылыс және ғимарат салуға  иемделінген жер учаскілері;

          үй иемдігіндегі жер учаскілері; 

Мүлік және жер салығын төлеу 2018 жылдың 1 қазанына дейін жүргізілуі тиіс.

Жеке тұлғалардың салығына қатысты туындаған барлық сұрақтар бойынша Жамбыл облысы бойынша МКО жүгінуге болады.

Есептелген салық соммалары  туралы ақпаратты Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің сайтынан білуге болады.