Жарияланған күні: 13.09.2017 12:31
Өзгертілген күні: 13.09.2017 12:33
«Тауардың шығу елін анықтау.
Тауардың шығу елі бойынша  шешім шығару шарттары»
        
          Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» Кодексінің 10 тармағына сәйкес, тауардың шыққан елі болып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік заңнамаларының белгілеріне сәйкес, тауардың толық өндіріліп шығарылған немесе өңдеуге түскен елі болып табылады. Соның ішінде тауарлардың шыққан елін анықтау мақсатында оларды бөлу қажеттілігі болған жағдайда, тауардың шығарылған елі болып елдер топтамасы немесе елдердің кедендік одағы және елдің бір бөлігі немесе аумағы есептеледі.
         Тауарлардың шыққан елін анықтау, кедендік- тарифтік және тарифтік емес реттеу шарасын қолдану тауардың шыққан еліне байланысты болған барлық жағдайларда жүргізіледі.
         Тауарлардың шыққан елін анықтау Қазақстан Республикасының тауарлырдың шыққан елін анықтау тәртібін реттеуші халықаралық келісімдеріне сәйкес жүргізіледі (2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығындағы тауарлардың шыққан елін анықтау тәртібі туралы Келісім).
         Тауарлардың шыққан елін растау барысында, кеден ісі аясындағы құзырлы орган немесе кеден ісі аясындағы құзырлы органның аумақтық бөлімшелері, тауарлардың шыққан елін растайтын құжаттарды талап етуге құқылы.
         Тауарлардың шыққан елін растайтын құжат болып, тауардың шыққан елі туралы декларация немесе тауардың шыққан елі туралы сертификаттар табылады.
         Кеден ісі аясындағы құзырлы орган немесе кеден ісі аясындағы құзырлы органның аумақтық бөлімшелері, тұлғаның (өтініш беруші) өтініші бойынша тауар туралы ақпарат болған жағдайда, тауардың шыққан елі туралы алдын ала шешім қабылдайды.
        Тауарлардың шыққан елін анықтауға қатысты алдын ала шешім, кеден ісі аясындағы құзырлы органмен преференциалды және преференциалды емес тәртіпті қолдану барысында қабылданады.
       Тауарлардың шыққан елін анықтауға қатысты алдын ала шешім қабылдау үлгісі кеден ісі аясындағы құзырлы органмен белгіленеді. ( ҚР Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №116 Бұйрығы ).
       Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» Кодексінің 81 бабына сәйкес, алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тіркелген күннен кейін 20 күнтізбелік күн мерзімі аралығында беріледі.
      Қосымша құжаттардың қажеттілігі туындаған жағдайда, аталған Кодекстің 80 бап, 3 тармағына сәйкес, аталған тармақтың 1 тармақшасында көрсетілген мерзім аралығында тоқтатылып, сұратылған ақпараттар мазмұндалған соңғы құжаттардың қабылданған күнінен бастап жаңартылады.
      Қабылданған алдын ала шешім егер өзгерістер енгізілмесе, қайтарылып алынбаса және Кодекстің 82 бабына сәйкес күшін жоймаса, қабылданған күннен кейін үш жыл мерзім аралығында қолданыста болады.