Жарияланған күні: 13.02.2018 16:46
Өзгертілген күні: 13.02.2018 17:23
Сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдану
 

    Сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдану, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VI ҚРЗ   «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 102 бабымен қарастырылған.

      Кеден органы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген шарттарды кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдайды.

    Сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган бекітетін, кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін үлгілік сақтандыру шартына сәйкес жасалады. Бұл ретте көрсетілген үлгілік сақтандыру шарты арнаулы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды осы Кодекстің келесі тармағында көзделген жағдайларда қамтиды:

  • 194 бап «Тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін кедендік

операцияларды жасау және тауарларды шығару»;

  • 195 бап «Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді

тексеру аяқталғанға дейін тауарларды шығару»;

  • 196 бап «Кедендік сараптама тағайындау кезінде тауарларды

шығару»;

  • 223 бап  «Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен

орналастыру»;

  • 257 бап «Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік

рәсімімен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану»;

  • 387 бап «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып

табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану, аяқтау және қолданысын тоқтату» Кодекстің 139 бап 1 тармағымен қарастырылған;

     Сондай-ақ Кодекстің 96 бабымен қарастырылған кедендік рәсімдер:

1) уәкілетті экономикалық операторлар декларант ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, тауарларды кеден қоймасына іс жүзінде орналастырмай, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру;

2) уәкілетті экономикалық оператор декларант ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды баламалы тауарлармен алмастыру;

3) уәкілетті экономикалық оператор декларант ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, мерзiмдi кедендiк декларациялау;

4) осы Кодекстің 170-бабына сәйкес тауарға қатысты өкілеттігі бар тұлғаның өтініші бойынша тауарларды орындарға уақытша сақтауға орналастыру;

5) осы Кодекстің 397-бабына сәйкес ұсынылған құжаттардың тиісті түрде ресімделмеу және (немесе) анық емес мәліметтерді қамту белгілерін анықтау жағдайларында да қамтамасыз етiледi.

     Төлеушінің немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғаның кедендік операциялар жасау кезінде өзінің кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін осы Кодексте белгіленген мерзімде орындауға байланысты мүліктік мүддесі кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шартының объектісі болып табылады, кедендік операциялар жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін осы Кодексте белгіленген мерзімде орындамау немесе тиісінше орындамау фактісі кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып танылады.

    Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын төлеуші үшін экспедитор және (немесе) егер өзге тұлға өздеріне қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы қамтамасыз етілетін тауарларды иеленуге, пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге құқылы болса, осы өзге тұлға қамтамасыз етуі мүмкін.

     Кеден өкілі, егер осы Кодекстің 494-бабына сәйкес кеден өкілі кедендік баждарды, салықтарды төлеушімен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ынтымақты міндет атқаратын болса, сондай-ақ осы Кодекстің 195-бабының 3-тармағында және 196-бабының 3-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде, осы тарауға сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге құқылы. Егер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын кеден өкілі қамтамасыз еткен болса, осы Кодекске сәйкес көзделген, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет орындалуға жататын мән-жайлар басталған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі осындай міндетті осы Кодекстің 494-бабы 5-тармағының ережелеріне қарамастан, кеден өкілі өзі атынан өкілдік ететін тұлғамен ынтымақты түрде орындайды.

    Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы, осы баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың таңдауы бойынша бірнеше тәсілмен қамтамасыз етілуі мүмкін.

    Ақшаны кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалану үшін төлеуші немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлға кеден органына уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініш ұсынады.

   Кеден органы көрсетілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркейді немесе оны тіркеуден бас тартады.

    Кеден органы мынадай жағдайлардың бірінде:

      1) сақтандыру шартын берген сақтандыру ұйымы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілмесе;

      2) ұсынылған сақтандыру шарты кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін үлгілік сақтандыру шартына сәйкес келмесе;

      3) төленуі сақтандыру шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы, осы баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, сақтандыру шартымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;

      4) сақтандыру шарты осы Кодекстің 97-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе; -5. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылғанға дейін үздіксіз қамтамасыз етілуге тиіс. -6. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен берілетін, оның ішінде бұрын кеден органы қабылдағанның орнына ұсынылатын тәсілмен берілетін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі кеден органының кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз еткен тұлғаға осы тәсілдер шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау туралы талапты уақтылы жіберуі үшін жеткілікті болуға тиіс.

     Сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдау туралы өтініш тіркелген күні төлеушімен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілген сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымы, мұндай талапты сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, бұрын кеден органының кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талабын орындамаған болса, сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартады.

3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолданылатын банк кепілдігінде төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда қосымша есепке жазылуы мүмкін, кемінде жеті жұмыс күні үшін өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздар сомасы қамтылуға тиіс.

Кеден органы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеген немесе осындай қамтамасыз етуді тіркеуден бас тартқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, төлеушіні немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғаны бұл туралы жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.

4. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, кеден органы сақтандыру шартымен қамтамасыз етілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымына кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдар, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талап жібереді. Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалу мерзімдері аяқталғаннан кейінгі күннен бастап өсімпұлдар есепке жазылады.    

5. Кеден органының кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талабы осындай талап алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының бұлжытпай және міндетті орындауына жатады. Сақтандыру ұйымы көрсетілген талапты орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған кезде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.