Жарияланған күні: 07.02.2018 15:25
Өзгертілген күні: 07.02.2018 15:51
Құрметті салық төлеушілер!
 
      Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Сіздердің назарларыңызға  салық органдары жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша есептеген салықтық міндеттемелерінің сомалары және (немесе) салықтық берешектің бар сомасы туралы мәліметтерді:
  1. салық органдарының интернет-ресурстарына орналастыру;
  2. коммуналдық қызметтер туралы құжаттарда көрсету;
  3. салық төлеушінің электрондық поштасының мекен-жайларына жіберу;
  4. салық төлеуші ұсынған ұялы телефондардың нөмірлеріне SMS-хабарлама жіберу жолымен ұсынатынын жеткізеді.
      Осы көрсетілетін қызметтерді алу үшін Сіздерге тұрғылықты жерлеріңіз бойынша салық органына жазбаша нысанда электрондық пошталарыңыздың мекен-жайын, ұялы телефондарыныздың нөмірлерін  ұсыну қажет.

      Сонымен қатар,  Сіздер жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша қарыз сомалары туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетінің  www.kgd.gov.kz  ресми сайтының «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» деректемесінде, «Салық төлеуші кабинетінің»  «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» деректемесінде  және  де ҚР Үкіметінің www.egov.kz  электронды порталының «Салықтық берешекті қарау және төлеу»  деректемесінде көре алатындарыңызды  хабарлайды.
      «Салық төлеуші кабинеті»  және www.egov.kz  электронды порталында салықтарды онлайн-режимде төлей аласыздар.