Жарияланған күні: 24.06.2019 16:45
Өзгертілген күні: 24.06.2019 16:46

Шара барысында Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

ЕЭК Кеңесінің мүшелері ЕЭО кедендік заңнамасын жетілдіру, кедендік-тарифтік реттеу, тауарларды таңбалау, ЕЭО үшінші елдермен xалықаралық серіктестігі секілді бірқатар сауалдарды жіті талқылады.

Мысалы, ЕЭК Кеңесінің отырысында Тараптар шетел валютасындағы құқықтық қатынастарды реттеуге және либерализациялау шараларын қабылдауға қатысты келісілген тәсілдер туралы Келісім жобасын талқылады.

Осы Келісімді қабылдау ақша-несие және қаржы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сыртқы сауда және инвестициялық операцияларға қатысушы мемлекеттердің ұлттық валюталарының рөлін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ТМД-ның Экономикалық кеңесінің кезекті отырысы тар құрамда өтті, онда қатысушылар қызметтерді еркін саудалау жөніңдегі келісімнің жобасын дайындау мәселесін сөз етті, мұнымен қоса Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

8 (7172)75-03-75, 74-96-99

 minfingovkz@gmail.com