Жарияланған күні: 12.07.2019 14:18
Өзгертілген күні: 12.07.2019 14:20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

КОРЕЯНЫҢ КЕДЕНДІК КИНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ КИНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Корея кеден қызметінің бастамасы бойынша Орталық аппарат қызметкері және Корея кедендік Кинологиялық орталығы қызметкерлері қатарынан делегация 3 күндік сапармен (2019 жылғы 08-10 шілде аралығында) ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығында(Алматы қаласы) болды.

Сапардың мақсаты "Дүниежүзілік кеден ұйымының аймақтық Кинологиялық орталығы" халықаралық мәртебесі бар жетекші орталықтың қызметімен танысу және екі елдің орталықтары арасында іздестіру иттерін үйрету бойынша өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды.

Кездесу барысында делегация қатысушыларына Кинологиялық орталығында қолданылатын иттерді даярлау әдістемесі мен қолдану тактикасы, асылдандыру және ветеринарлық жұмыстары саласы бойынша материалды-техникалық және оқыту базасымен танысуға мүмкіндік берілді.

"Күшіктердің іздеу сапасын бағалау" және "Қызметтік иттердің жұмыс сапасын бағалау" бойынша іс-тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылып, тексеру кезінде қызметтік-іздестіру иттерін тактикалық және әдістемелік дұрыс қолдану тәсілдері көрсетілді.

Делегация басшысы атап өткендей, Корей кеден қызметі (бұдан әрі - ККҚ) басшысының аға орынбасары:"...жаһандық кеден қоғамдастығына үлкен үлес қосу, сондай - ақ іздестіру иттерін жүйелі түрде қолдану және үйрету мақсатында ККҚ 2004 жылдан бастап оларға Дүниежүзілік кеден ұйымының ККҚ іздестіру иттерін үйретудің аймақтық орталығы (бұдан әрі - ІИҮАО) мәртебесін беру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Қазақстанның кедендік Кинологиялық қызметі іздестіру иттерін жаттықтыру және тәжірибе бойынша үздік деп танылған және соның нәтижесі ретінде Қазақстанның Кинологиялық орталығына Дүниежүзілік кеден ұйымының Өңірлік Кинологиялық орталық мәртебесі берілді.

Бұл кездесу бізге, бұдан әрі Дүниежүзілік кеден ұйымының Аймақтық мәртебесі бар Кинологиялық орталықтардың құрамына кірген кезде қолданылатын кинология желісі бойынша қызметкерлердің тәжірибесін кеңейтуге және КҚТ қауіпсіз жаһандық шекаралық басқаруды қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға мүмкіндік берді".

Өз кезегінде ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы өз базасында халықаралық тренингтер өткізуге және Корей кеден қызметінің кинологиялық қызметін дамытуға жәрдем көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Үш күндік сапар аяқталғаннан кейін Корей кеден қызметінің әріптестері Қазақстандық кинологиялық қызметін ұйымдастырудың жоғары деңгейін, сондай-ақ кездесуді ұйымдастырудағы жоғары кәсіби деңгейін атап өтіп, орталықтың қызметтік иттерді дайындау және қолдану саласындағы жұмысына және де ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы мамандарының кәсібилігіне оң баға берді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)