Жарияланған күні: 19.07.2019 12:07
Өзгертілген күні: 19.07.2019 12:08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

КЕДЕНШІЛЕР ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН КОНТРАБАНДАЛЫҚ ТЕМЕКІ МЕН ТОНДАРДЫҢ ІРІ ПАРТИЯСЫН ҰСТАДЫ

 

 

Барлығы 2000-нан астам темекі, тондар мен тері блоктары ұсталынды. Барлық алынған тауарлардың кедендік құны 13 млн. теңгеден асты және төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың тиесілі сомасы 7 млн.теңгеден асты.

Кеден қызметінің қызметкерлері шекарашылармен бірлесіп, «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының бақылау-өткізу пунктінде контрабандалық темекі мен тондардың ірі партиясын ұстады.

Қызметкерлер белгіленген нысанда декларацияланбаған және жалпы саны 2050 блокты (410 000 дана) акцизделмеген темекі маркаларын тәркіледі. Олардың ішінде Mond, Cavallo, Lucky Strike маркалы темекілер. Алынған темекінің жалпы салмағы 591 килограмм.

Сондай-ақ, кеденшілер тері бұйымдарының ірі партиясын тәркіледі. Оның ішінде жалпы салмағы 64,7 килограмм күзен терісінен жасалған 39 тон, жалпы салмағы 18,5 килограмм түлкі терісінен жасалған 77 өңделген тері және жалпы салмағы 5 килограмм 13 күзен орамалы бар.

Алдын ала деректер бойынша, барлық алынған тауарлардың кедендік құны 13 261 869 теңгені құрады және төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың тиесілі сомасы 7 048 000 теңгені құрады. Ұсталған тауарлар уақытша сақтау қоймасында. Құзыретті органдар күдікті адамдарды жауапқа тарту туралы мәселені шешуде.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)