Жарияланған күні: 11.04.2018 14:39
Өзгертілген күні: 11.04.2018 14:40
Электрондық декларациялауды «АСТАНА-1» АЖ-да енгізу
 
     Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде, кедендік әкімшілендіруде 2018 жылдың 11 сәуірінде СЭҚ қатысушыларымен «АСТАНА-1» АЖ-да электрондық декларациялауды енгізудің артықшылығын түсіндіру бойынша «Дөңгелек үстелді» өткізіледі.
     Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап «АСТАНА-1» АЖ-да импорт және барлық қалған кедендік рәсімдер бойынша тауарларға кедендік тазарту модульдері енгізілді.
     Әрине, «АСТАНА-1» АЖ толық енгізу электрондық декларациялауды іске асыру бойынша тарихи сәт болып табылады.
    Бизнес қоғамдастығы экспорт рәсімі бойынша электрондық декларациялау модулін енгізудің артықшылығын сезді, бұның растауы болып ҚР ҚМ МКК мекен-жайына келіп түскен СЭҚ қатысушылардың хаттары табылады.
   Тауарларды автоматты түрде шығаруды іске асыру УСХ-ға тауарларды сақтау, брокерлердің қызметтерін төлеу және т.б. шығындар сияқты бизнес үшін қосымша шығындардың қысқаруына әкеледі.
    Сонымен бірге, осы шаралар бизнеске мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
бірінші бұл соңғы импортталатын өнімнің құнының төмендеуі;
екінші бизнестің үнемделген қосымша шығындарын өндірістің тауар айналымына және дамуына жолдауға болады. Және тиісінше салықтық түсімдер өседі.