Жарияланған күні: 22.08.2019 09:24
Өзгертілген күні: 22.08.2019 09:26
Сауда залдары мен қоймалардан, сондай-ақ қосалқы үй-жайлардан (болған кезде) тұратын арнайы айқындалған және жайластырылған құрылысжайлар және (немесе) үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) бажсыз сауда дүкендері болып табылады.
            Бажсыз сауда дүкені оның иесі бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген күннен кейінгі күннен бастап құрылды деп есептеледі.
            Бажсыз сауда дүкенінің жұмыс істеуі бажсыз сауда дүкенінің иесі бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күннен бастап тоқтатылады.
            Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды, олардың құрылу мен жұмыс істеу тәртібін, сондай-ақ бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
            Бажсыз сауда дүкендері иелері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
            1) бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың және (немесе) үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:
            -сауда залы тауарларды кедендік декларациялауды жүргізу үшін айқындалған орын шегінен тыс жерде болуға тиіс;
            -бажсыз сауда дүкенінің аумағында сауда операцияларын жүзеге асыруға арналған орындар, сондай-ақ тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету және тауарларды сатуға дайындау (орамасын ашу, ыдысынан босату және басқалар) жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға арналған жеке қоршалған орындар болуға тиіс;
            2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бөлшек саудаға арналған тіркеу құжаттарының немесе рұқсаттардың болуы;
            3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
            4) кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 528532535538544551 және 555-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
            5)  тұлғаларға өткізу үшін көзделген бажсыз сауда дүкендері үшін тиісті тізілімге енгізудің қосымша шарттарын сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
           6) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.
            Егер бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар және (немесе) үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға және (немесе) үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) қатысты жалға алу шарты кемінде алты ай мерзімге жасалуға тиіс.
            Бажсыз сауда дүкенінің аумағы өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

 

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы