Жарияланған күні: 12.06.2019 17:33
Өзгертілген күні: 12.06.2019 17:37
      2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарымен сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 531 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2019 жылғы 5 маусымда № 18792 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай бұйрықтарына редакциялық сипатта өзгеріс енгізілген:

  «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығы;

«Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығы;

«Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығы.

  Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.