Жарияланған күні: 28.02.2018 18:11
Өзгертілген күні: 28.02.2018 18:13
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммерциялық емес ұйымдарды салықтандырудың тәртібі өзгерді
 
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммерциялық емес ұйымдар корпоративті табыс салығын есептеу барысында мына кірістері жылдық жиынтық кірістен (ЖЖК) алып тастайды:
- мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша кіріс;
- депозиттер бойынша сыйақы;
- кiру жарналары және мүшелiк жарналар;
- кондоминиумға қатысушылардың жарналары;
- депозитке салынған ақшалар бойынша, оның ішінде олар жөніндегі сыйақы бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi;
- өтеусiз алынған мүлiк, оның ішінде қайырымдылық көмек, Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көрсетілгенді қоса алғанда, грант, демеушілік көмек, өтеусiз негiзде алынған ақша және басқа мүлік.
Жоғарыда көрсетілген табыстар салық салынатын табысты анықтау барысына қатыспайтындақтан, сәйкесінше, коммерциялық емес ұйымның осы табыстары есебінен жасаған шығыстары жылдық жиынтық кірістен алып тасталмайды.
Естеріңізге сала кетейік, акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және пәтерлер (үй-жайлар) меншік иелерiнің кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген, қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетiн:
1) кіріс ретінде кіріс алу мақсаты жоқ;
2) алынған таза кірісті немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым коммерциялық емес ұйым болып танылады.