Жарияланған күні: 23.10.2015 17:56
Өзгертілген күні: 23.10.2015 17:58

          2015 жылдың 22 қазан күні Жамбыл облысы бойынша Мемлекттік кірістер департаментінде Жамбыл облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Өмірзақов Е. Р. және республикалық «Салық тәртібі», облыстық «Ақ жол», «Знамя труда», жергілікті «Новый Регион», облыстық «Қазақстан-Тараз» телевидениесі меншікті тілшілерінің қатысуымен пресс-тур өткізілді.

          Ерлан Ролланұлы өзінің докладында Мемлекеттік кірістер органдарының ең негізгі мақсаттарының бірі – салық пен кеден төлемдерінің мемлекет қазынасына түсіру екендігін айтып өтті. Осыған орай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер депараментімен 2015 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша 46,2 млрд. теңге соммасына толықты.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен жолданған 44,8 млрд. теңге көлеміндегі жоспар 103,1% орындалды.  Мемлекеттік бюджетке 1,4 млрд. теңге қосымша түсімдер қамтамасыз етілді.

 

         Былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда Департаменпен мемлекеттік бюджетке 1,4 млрд. теңге түсімнің өсуі қамтамасыз етілді.

         Сонымен қатар, Жамбыл облысы бойынша МКД басшының орынбасары Е.Р.Өмірзақов кеден баждары туралы айтып өтті. Қазақстан Республикасында 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап импорттық баждар төмендетілді. Импорттық баж ставкаларының төмендеуіне Ресейдің Бүкіләлемдік сауда ұйымы алдындағы міндетін орындауы болып табылады. Осыған байланысты, «жаңа» ставкалар барлық ЕАЭО (бұрынғы Кеден одағы) мүшелеріне, сонымен қатар Қазақстанда қолданылады. Жаңа БКТ ЕАЭО (Бірыңғай кедендік тариф) өту кезеңінде кіргізілген кедендік баждың орташа ставкасы 9,6% пайыздан 7,5-7,8 % пайызға, яғни 2 % төмендеді.

         Балыққа, кондитерлік өнімдерге, экзотикалық жемістерге, шырын шығаратын шикізаттарға, тропикалық майларға, полимерлі материалдардан жасалған құбырларға, маталар мен киімдердің кейбір түрлерне, құрылғыларға, тұрмыстық техникаларға және көліктерге, сонымен қатар кір жуғыш машиналар мен трактарларға, жиһаздарға, жылы жайларға басқа да тауарларға   импорттық баж төмендетілді.

 

        Сырттан әкелінетін жаңа автокөлік құралдарына қатысты баждар Қазақстанда ақырындап төмендетілетін болады. Қазіргі уақытта жаңа автокөліктерге импорттық баждың орташа ставкасы 27,9 пайызды құрайды. Қазақстан БСҰ (Бүкіләлемдік сауда ұйымы) кіргеннен кейін ставкалардың мөлшері 13,3 пайызға төмендейді, осыған орай жыл сайын импорттық баждар 0,5-0,6 пайызға төмендетіліп, орташа шамамен 10,8 пайызға жетеді.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы бойынша МКД «Тараз-КРО» кеден бекетінің басшысы Молдабеков А.К. баяндама оқып, өзінің баяндамасында «Тараз-КРО» кеден бекетінің жұмысы туралы баяндады. Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Тараз-КРО» кеден бекетімен кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді жүзеге асыру уақытын қысқартуға жүйелі түрде     шара қолданылып жатыр. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 9 айында барлық кедендік жүк декларациялары бір жұмыс күн ішінде рәсімделді. Тек 19 ТД бойынша (жалпы көлемнен 0,9%) тәуекелді бақылау жүйесінің талабына сәйкес, кедендік қарау мен құнға қосымша тексеру жүргізу үшін, шығарылу мерзімі ұзартылды (2014 жылы - 27).

Жеке тұлғалардың автокөлік құралдарына кедендік тазарту процесін қысқарту мақсатында, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би 98 мекен жайында орналасқан Арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығында кедендік операцияларды жасайтын арнайы орын құрылды. АрнайыХҚО жеке тұлғалардың автокөлік құралдарына кедендік тазартуды жүзеге асырады, сонымен қатар автокөлік құралын ішкі істер органдарына тіркеуге тұрғызу үшін, Қазақстан Республикасы мен кедендік одақ аумағында автокөлік құралдарының кедендік тазартудан өткендігі туралы растау қағазы беріледі.

Пресс – турға келген меншікті тілшілермен көптеген сұрақтар қойылып, өз істерінің мамандарнаннақты жауаптар алды.

Соңында келген  меншікті тілшілерге алғысын білдірген Ерлан Ролланұлы,Бұқаралық ақпарат құралдарының Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жұмысын жариялау үшін маңызды орын алатындығын атап өтті.

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі