Жарияланған күні: 01.06.2016 09:57
Өзгертілген күні: 01.06.2016 09:58

Жарнама – адамдардың беймәлім тобына арналған жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге жәрдемдесетін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және орналастырылатын ақпарат.

Сыртқы жарнама жылжымалы және жылжымайтын объектілерде, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде, елді мекендердегі үй жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылады. Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен төлемақы алынады. Сыртқы жарнаманы орналастыру плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрінде жүзеге асырылады.

Сыртқы жарнама жолдардың көліктік- пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және сілтемелеріне ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс.

Елді мекендерде сыртқы жарнаманың объектілерінің орналастыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес және жергілікті атқарушы органның рұқсаты болған жағдайда ғана жол беріледі.

Жарнама объектілерін тиісті құжаттарсыз орналастыруға тыйым салынған.

Тиісті рұқсат құжаты болмаған кезде сыртқы жарнама объектілерін нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алуға және бюджетке енгізуге негіз болып табылады.

Тарихи-мәдени ескерткіштер мен ғибадат ету нысандарында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сыртқы жарнаманы орналастыруға шектеу қойылған.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген, міндетті сертификаттауға жататын тауарларды, темекі және темекі бұйымдарына, алкоголь өніміне сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әртүрлі іс-шаралар, соның ішінде ұтыстар, лотереялар ойнату нысанында жарнамалауға тыйым салынады.