Жарияланған күні: 16.11.2015 15:17
Өзгертілген күні: 16.11.2015 15:20

  

 

2014 жылдың қыркүйек айында «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа еңгізілді. Заңнамамен Қазақстан Республикасы аумағы ішіндегі  жылжымайтын мүлік пен қаржыдан басқа, Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлердегі шоттардағы қаржыларды да жария ету қарастырылған.

Мүлікті жария ету процесін жеңілдету үшін заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылып, Мәжілісмендер осы өзгерістерді бірінші қаралымда мақұлдады.

Заң жобасында ақшаны жария ету мәселесіне қатысты оларды сақтау міндеттемелерісіз-ақ банк шоттарына енгізу мүмкіндіктері қарастырылған, сондай-ақ, алымды төлемеу, оларға шектеусіз өзінің қарауынша иелік ету; «декларативті үлгі», яғни, екінші деңгейдегі банктердің шоттарына  енгізбей, 10%-дық алымды төлемей ақшаны жария ету; жария етілген  ақшаны «Астана» халықаралық қаржы орталығына инвестициялау мүмкіндіктері қарастырылып отыр.

Жария ету субъектісіне немесе басқа тұлғаға қатысты мүлікті рәсімдеу құқығы және де Қазақстан Республикасы аумағы ішіндегі  жылжымалы мүліктерді жария етуді алымды төлемей-ак мемлекеттік кірістер органдарында декларативті түрде жүрізу ұсынылып отыр.

Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлердегі орналасқан мүліктерді жария етуді  10%-дық алымды төлеп  және мүліктің құның ұсыныстық үлгімен (заявительная форма) ұсынып мемлекеттік кірістер органдарында декларативті түрде жүргізу ұсынылып отыр.

Бүгінгі күнде  Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлердегі банк шоттарындағы орналасқан ақшалар ғана міндетті түрде  жариялауға жатады.

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                  Жамбыл облысы бойынша

мемлекеттік кірістер

департаментінің бас маманы

Сарсенбаева Р.А