Жарияланған күні: 28.09.2015 15:21
Өзгертілген күні: 28.09.2015 15:26

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының еркін қойма иелерімен өзара қарым-қатынастарын белгілеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңымен ратификацияланған Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 60-бабына сәйкес әзірленді және Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізу және осы Тізілімнен шығару, еркін қоймалар иелері ретіндегі заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұру, жаңғырту, сондай-ақ еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға және олармен жүргізілген операцияларға қатысты, сондай-ақ еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған осындай тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты есебін жүргізу және есептілікті ұсыну рәсімін қамтитын мемлекеттік кірістер органдарының еркін қойма иелерімен өзара қарым-қатынастар белгілеу тәртібін айқындайды.

Заңды тұлғаларды Тізілімге енгізу шарттары болып табылады:

      1) еркін қойма ретінде пайдалануға арналған құрылыстардың (үй-жайлардың) меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы және мынадай талаптарға сай болуы:

      еркін қойма ретінде пайдалануға арналған аумақ осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес, мәлімдемеде көрсетілген мақсатқа сәйкес тауарлар өндірісі және қайта өңдеу бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін жабдықталған және жайластырылған болуы тиіс;

      жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) біртұтас және бөлінбейтін кешен болуға және бөгде адамдардың кіруін болдырмауды қамтамасыз ететін барлық периметрі бойынша бірыңғай үздіксіз қоршауы болуға тиіс;

      тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ Кодекстің 186-бабының  3-тармағына сәйкес белгіленуі;

      тауарларды тексеріп қарау үшін орындардың, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған және соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін мемлекеттік кірістер органының бағдарламалық өнімімен сәйкес келетін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған тексеріп қарау пункттерінде орналасқан жабық алаңдардың болуы;

      қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің және арнаулы техниканың болуы;

      орналастырылатын тауарлардың сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда - тиісті есептеу аспаптарының болуы.

      Егер құрылыстарды (үй-жайларды) иелену жалға алу шарты негізінде жүзеге асырылатын болса, мұндай шарт тізілімге енгізу туралы өтініш кемінде 3 (үш) жыл мерзімге берілген күнге жасалуға тиіс.

      2) аумақтық мемлекеттік кірістер органына өтініш берген күні кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелерінің болмауы;

      3) аумақтық мемлекеттік кірстер органына жүгінген күні Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының нормаларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген не орындалмаған қаулының болмауы;

      4) кедендік операцияларды жасау кезінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына табыс етілген мәліметтерді шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік кірістер органдарының талаптарына сәйкес келетін тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің болуы.

      4. Заңды тұлға Тізілімге енгізу не жаңарту үшін Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша қойманың тұрған жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органына өтініш береді.

      5. Өтінішті аумақтық мемлекеттік кірістер органына ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.

 

 

 

Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға,

және олармен жүргізілген операцияларға қатысты, сондай-ақ еркін

қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған тауарларға қатысты есеп жүргізу және

есептемелікті ұсыну

 

Еркін қойма иесі есеп жүргізеді және еркін қойма кедендік рәсімімен орналстырылған тауарлар, және олармен жүргізілген операциялар туралы, сондай-ақ еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар туралы есептемелікті мемлекеттік кірістер органына ұсынады.

Еркін қойма иесі Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша журнал есебін жүргізу жолымен еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың, сондай-ақ осындай тауарлармен жүргізілген операциялардың есебін, және Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша журнал есебін жүргізу жолымен еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есебін енгізу жолымен жүргізеді (бұдан әрі - есеп журналдары).

Есеп журналы Excel форматында қағаз және электрондық түрде жүргізіледі.

Есеп журналы соңғы жазу енгізілген күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде сақталады.

Еркін қойма иесі ай сайын, есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей Қағиданың қосымшасына сәйкес еркін қойма кедендік рәсіміне орналстырылған тауарлармен жүргізілген операциялар, сондай-ақ осындай тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар туралы есептемелікті қызмет аймағында еркін қойма жұмыс істейтін аумақтық мемлекеттік кірістер органына ұсынады.

Мемлекеттік кірістер органдарына жолданған есептемелік мәліметтер, есеп ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жыл бойы еркін қойма иесінде сақталады.

Есептемелік аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына Excel форматында қағаз тасымалдағышында және электрондық түрде ұсынылады. Қағаз тасымалдағышындағы есептілікке еркін қойма иесі басшысы немесе оның орнын алмастыратын тұлға кол қояды және мөрмен куәландырылады.

Еркін қойма жұмыс істеуін тоқтатқан жағдайда, еркін қойма иесі отыз жұмыс күнінің ішінде қызмет аймағында еркін қойма жұмыс істейтін аумақтық мемлекеттік кірістер органына Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар туралы және дайын өнімдер туралы есептілікті ұсынады.

Осы ережелерінің толық турінде және қосымша ақпараты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық жүйесі арқылы таныса аласыздар (adilet.kz сайтында орналасқан).

 

Жамбыл облысы бойынша МКД

Кедендік бақылау басқармасының

кедендік бақылау бөлімінің бас маманы

Абдрахимов Еркебұлан