Жарияланған күні: 04.05.2015 17:42
Өзгертілген күні: 04.05.2015 17:43

           «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның күші 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздеріне тиесілі болған және өздері алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады.
       Осы Заңда мынадай мүлік:

       1) ақша;

       2) бағалы қағаздар;

       3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);

     4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан    Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);

       5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);

       6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

Сонымен қатар:

     1) сот тәртiбiмен оған құқықтар дауланып жатқан;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқықтар беруге жол берiлмейтiн мүлік;

      3) кредиттер ретiнде алынған ақша;

      4) мемлекет пайдасына берілуге жататын мүлік;

      5)Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде құрылысы бюджет қаражаты есебінен аяқталған жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар жария етуге жатпайды.

       Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.

          Мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету комиссияға, мемлекеттік кіріс органына жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды өткізеді:

          1) заңмен бекітілген нысан бойынша екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiштi;

          2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;

          3) өзге де құжаттарды  өткiзіледі (жер телеміне берілген мемлекеттік акт, объектінің техникалық паспорты, сату-сатып алу келісім шарты /сыйлау келісім шарты/);

        4)ғимараттың құрылыс  нормалары мен ережелеріне сәйкес болу туралытехникалық зерттеу нәтижесі бойынша аттестацияланған сарапшының қорытындысы.

       Жария ету субъектілері көрсетілген құжаттарды:

        1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) – жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына;

         2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) – мұндай мүліктің тұрған жері бойынша комиссияға өтініш тапсырылатын жылжымайтын мүлікті жария ету жағдайларын қоспағанда, жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша комиссияға ұсынады.

            Жария ету субъектілері, мүлікті жария ету мерзiмi iшiнде сол бір мүлікті жария етуге қайтадан өтiнiш беруге құқылы емес.

 

 

Меркі ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер  басқармасы .