Жарияланған күні: 06.11.2015 10:33
Өзгертілген күні: 06.11.2015 10:37

Жамбыл облысы

 бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, этил спиртi мен алкоголь өнiмдерінің заңсыз айналымы фактілерін жою мақсатында, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» №429 Заңына сәйкес этил спиртi мен алкоголь өнiмдерінің заңсыз айналымы фактілерін жою бойынша қолданылған шаралар туралы хабарлайды.

Жамбыл облысы бойынша 2015 жыл басынан этил спиртi мен алкоголь өнiмдерінің заңсыз айналымы фактілерін жою бойынша қолданылған шаралардың нәтижесінде, 158 этил спиртi мен алкоголь өнiмдерінің заңсыз айналымы анықталып, 111 тонна этил спирті және 32 964 шөлмек алкоголь ө

німдері тәркіленген. 

Осыған байланысты, қылмыстық және әкімшілік істер қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті