Жарияланған күні: 11.01.2016 18:34
Өзгертілген күні: 12.01.2016 15:51

Елбасы өз жолдауында бюджет саясатында оңтайландыру бағытында нақты жолдарды көрсетіп отыр. Жалпы дуние жүзілік қауымда болып жатқан күйзелістерге байланысты, мемлекттік бюжетке салық түсімінің төмендегені байқалып отыр.

Нақтылай айтқанда 2015 жылдың желтоқсан айының 25 күніне дейінгі мәлімете мемлекет бюджетінің жоспары бойынша 60,2 млрд.тенге, нақты орындалуы 61,6млрд.тенге орындалған, яғни 102,2 процентке әлде, 1,3млрд.тенгеге артығымен түсім түсіп отыр,

Жергілікті бюджет жоспары бойынша 39,2млрд.тенге, нақты түскені 39,1млрд.тенге орындалған яғни, 99,8 процентке әлде 72,6 млн.тенге аз түсіп отыр. Республика бюджетіне жоспар бойынша 21,1млрд.тенге ,нақты орындалуы 22,5млрд.тенге орындалған, яғни 106,7   процентке әлде 1,4млрд.тенге артығымен түскен.

Мемлекетіміздің Елбасы сондықтан, алдымызға өз жолдауында салық түсімін көбейту қажет, бірақ салық мөлшерін көтеру есебінен емес, яғни қосымша түсетін салықты қарастыруымыз қажет. Осы бағытта Департамент жасалған жұмыстарды анализ жасай отырып, айрықша сұрақтар бойынша тақырыптық тексерулер қортындысы бойынша бюджетке 3900,2млн.тенге түсім түсіріп отыр.

Елбасымыздың негізгі ұстанымының бірі – Ұлтық қор есебінен ағымдағы шығындарға пайдалануды тоқтату. Сондықтан мемлекттік кіріс органдарының басты іс-әрекеті салық пен кедендік түсімдерді сапалы түрінде әкімшілендіру, бюджетке түсетін қосымша салықтар бағытында жұмыс жүргізу, жоспарланған салық түсімдерін орындау.

Бізге мемлекеттік кірістер мен шығыстардың бүкіл жүйесін қайта қарау қажет. Ең алдымен , бюджеттің кіріс базасын ұлғайту керек. 2017 жылы қазіргі ҚҚС-ның орнына сатудан түсетін салықты енгізу қажет.Себебі қосымша құн салығынан жауапсыз салық төлеуден жалтаруға тырысады.

Барлық тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жойған жөн. Салықтық режімдерді оңтайландыру қажет-тек үш деңгей ғана қалуы керек. Олар-жалпы, жеке кәсіпкерлер үшін патент және шағын және орта бизнес және орта бизнес, сондай-ақ , аграрлық сектор үшін арнайы салық режімі. Мұндай механизм көлеңкелі экономиканы жарыққа алып шығатын болады .

Салық саласының мөлдірлігін арттыру Үкіметтің басты міндеті болуы тиіс. Тек осылай еткенде ғана экономикасының әрбір субъектісі салықтарды толық көлемде төлеуге мүдделі болмақ..

Үкімет салықтық әкімшілендірудің тиімділігін қамтамасыз етуі керек. Бүгінде мүлікті жария ету мерзімдері 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мүлік пен акцияны заңды айналымға қайтару үшін қосымша ынталандырулар қабылданады. Құпиялылық пен сот қудалауынан қорғауға кепілдік беріледі. Мүлікпен капиталды жария ету жалпы декларацияға жариялаудың басы болмақ.. Сондықтан жариялаудың арқасында бүкіл тапқан табысыңызды, құнды қағаздарыңызды, ақшаларыңызды, мүліктеріңізді заңдастырылады, яғни жалпы декларациялау кезінде де болашақта да қыйыншылық туындаумаудың кепілі болмақ.. Одан кейін олар қайда болса да, олардың шығу төркіні мен салық салынуын анықтау үшін , соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының көмегімен, есепшоттар мен активтерді анықтау бойынша шаралар қабылданатын болды.

Желтақсан айының 25 күніне алғанда құндылығы 28799,3 млн.тенге бағаланған жылжымайтын мүлік жайында 5620 арыз түскен, соның ішінде тұрғын обьектілер саны 4707, құны 17985,9 млн.тенге ,тұрғын емес 913 обьекті құны 10813,4 млн.тенге құрайды.

Жалпы барлығы жариялаудан құны 24179,0 млн.тенге болатын 4494 обьект өткізілген, соның ішінде 3783 тұрғын обьект құны 15192,7 млн.тенге, 711 тұрғын емес обьект құны 8986,3 млн.тенге болып анықтанды.

2017 жылдың 1 қаңтарынан кірістер мен шығыстарды жаппай декларациялау күшіне енеді. Жалпы бұл шара салық түсімін жеке тұлғалардың табқан табысынан ұлғайтып, көлеңкелі сауданы қысқартады. Жоспар бойынша жеке тұлғалардан түскен салықтың күшімен мүлік пен жеке кәсіпкерліктің салық түсімін көбейеді.

 

Авторы:

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаментінің басшысы

Тынысбеков Аскар Станиславұлы