Date of publication: 01.06.2016 17:51
Date of changing: 01.06.2016 17:52

Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннін бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына (яғни, мемлекеттік кірістер басқармасына) бір мезгілде – құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш және таратудың салық есептілігін ұсынады.

Сонымен қатар, қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті, ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені және қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару үшін салықтық өтінішті 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап қосылған құн салығын төлеуші дара кәсіпкерлер аталған құжаттарды табыс етпейді.   

Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін олар бойынша жасалады. Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталған жағдайда, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің салық міндеттемесі құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған немесе олар, оның ішінде құжаттық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешегі Салық Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген жағдайда орындалды деп есептеледі.

Салық кодексінің 41 баптың 8-тармағына сәйкес салық міндеттемесінің орындалған күні дара кәсіпкерді салық органындағы тіркелу есебінен шығару күні болып табылады. Салық органы 41 баптың 8-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады. Салық Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде төленбеген салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.

Салық Кодексінің 41 бабының 10-1 тармаққа сәйкес тіркеу есебінен шығарудан бас тартылған дара кәсіпкерлер туралы ақпарат осы баптың 8-тармағында белгіленген төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.  41 баптың ережелері Салық Кодекске сәйкес қызметін тоқтату кезінде салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері қолданылған жағдайда дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.