Date of publication: 20.04.2016 09:42
Date of changing: 20.04.2016 09:43

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - МКК) Сіздің назарыңызға қазіргі уақытта жеке тұлғалардың кірістері мен мүліктерін декларациялауға кезең-кезеңімен өту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізеді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 412-V Заңының (бұдан әрі - Заң) 3-бабына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мынадай тұлғалар ұсынатын болады:

1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамдар немесе соларға теңестiрiлген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары);

2) мынадай талаптарға сай болған кезде:

жұмыскердің лауазымы Қазақстан Республикасының құқықтық актілеріне сәйкес әкімшілік персоналға жатса;

жұмысы вахталық әдіспен жүзеге асырылмаса немесе жүріп-тұру сипатында болмаса;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның орналасқан жері республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қала болып табылса, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның осы тармақшада көрсетілмеген жұмыскерлері;

3) мемлекеттік мекеменің, мемлекеттік кәсіпорынның осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген жұмыскерлері болып табылмайтын жеке тұлғаларға қатысты тоқтатыла тұрсын.