Date of publication: 18.04.2016 17:47
Date of changing: 18.04.2016 17:48

2016 жылғы 16 сәуір күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің-25 жылдығының құрметіне Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелері арасында спорттың 5 түрінен спартакиада болып өтті. Спартакиаданың ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары-Бекболат Орынбеков, Жамбыл облысы әкімдігінің спорт және денешынықтыру басқармасы басшысының орынбасары-Нұржан Жолдасбеков, Жамбыл облысы спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы-Төлеген Серкебеков және мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері-Ә. Әлішев, Ж. Мисиров және М. Сейдазимовтар қатысты.

            Спартакиадаға қатысушыларға жеңіс тілеген Жамбыл облысы әкімінің орынбасары-Б. Орынбеков:-бұл іс-шара бабамыздың қанымен, аналарымыздың жасымен келген қасиетті де киелі-Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының құрметіне ұйымдастырылып отыр. Бұл жердегі мақсат, жалпыұлттық құндылықтарымызды бағалау, патриоттық сезімді қалыптастыру және жұртшылықты тәуелсіздігіміздің жеткен жетістіктерімен таныстыру, жеткізу. Сіздердің қызмет, елміздегі ұлы істердің бастамашысы болып келеді. Осы қызметте тек абырой биігінен көріне берулеріңізге тілектеспін-деп, сөзін қорытындылады.

            Сондай-ақ, спартакиаданың ашылу салтанатында Департамент басшысы А. Тынысбеков сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға өздерінің шеберліктерін көрсете отырып, сәттілік пен жеңіс, сайыс барысындағы әділ төрелік және нағыз спорттық дайындықтарын көрсетуін тіледі. Сонымен қатар, Асқар Станиславұлы ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы-Дәулет Ерғожиннің тапсырмасымен мемлекеттік кірістер органдарының салауатты өмір салтын ұстануына, денешынықтырумен айналысу арқылы жұмыстарына жауапты болуға орасан зор жағдай жасап, аптасына кемінде екі мәрте спортпен шұғылдануға ықпал етіп отырғанын тілге тиек етті.

            Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері бұл күні іскерлік киімдерін спорт жейделерімен алмастырып, кіші футбол, әуе добы, үстел теннисі, шахмат, отбасылық көңілді старт, қызметтік қарумен ату сайыстары бойынша сынға түсті. Сайысқа облысымызға еңбегі сіңген төрешілер төрелік етті.

            Спартакиадаға қатысушылар салық қызметі, кеден қызметі, экономикалық қылмыстармен күрес қызметі және Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының командасы болып 4 блокқа бөліне сайысты. Барлығы 9 команда қатысқан спорт бәсекесінде бірнеше басқарма қызметкерлері  мен аудандардан келген кірісшілер өзара мықтыларды анықтады. Жалпы спартакиада барысында байқалғаны мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері тек қана қызметтік кабинетте отырып міндеттерін атқарып қана қоймай, спорт алаңдарында да өздерінің шеберліктерін дәлелдеп берді. Қатысушылардың барлығы өздерінің шеберліктерін көрсетіп, жеңісті оңайшылықпен бермейтіндерін дәлелдеді.

            Хош, сонымен Спартакиаданың қорытындысы бойынша кіші футболдан Департаменттің командасы барлық командалардан басым түсіп, 1 орынды жеңіп алды. 2-орынды Тергеу қызметінің құрама командасы иеленсе, 3-орын Талас, Сарысу және Мойынқұм аудандық кірістер басқармасының құрама командасына бұйырды.

            Әуе добын алақанға айналдырған ерлер арасындағы сайыста Қордайдан келген кірісшілер топ жарып 1-орынды иеленсе, 2-орын кеден блогының құрамасына бұйырды. 3-орын Шу аудандық кірісшілерінің қанжығасына байланды.

            Нәзік жандылар арасындағы әуе добы сайысын Департаменттің құрама командасы 5 команданы жеңіп 1-орынды жеңіп алды. 2-орынды шулық кірісшілер, 3-орынды Тараз қалалық кірістер басқармасының қыздар командасына бұйырды.

 

  Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті !!!