Date of publication: 25.03.2016 15:48
Date of changing: 25.03.2016 15:49

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар назарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкету кедендік бажын қолдану мақсаты үшін 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы Шарты (бұдан әрі - Шарт) және 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен 2013 жылғы 31 мамырдағы Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттама (бұдан әрі - Хаттама) нормаларын түсіндіруге қатысты келесіні хабарлайды.

Хаттаманың 1-бабына сәйкес, Хаттаманың күшіне енген күннен бастап барлық Шарттың қағидалары Хаттамамен көзделген шартын есептегенде, Шарт тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қатынас қолданылады.

Осыған байланысты, Шартқа 1-қосымшада көзделген тауарларға әкету кедендік бажын қолдануға қатысты, Шарттың қағидаларымен басшылық ету керек.

Сонымен бірге, Шарттың 2-бабының 3-тармағына сәйкес көзделген, егер Тараптар Шартқа 1-қосымшаға сәйкес экспорттық кедендік бажы қолданылатын үшінші елдерге қатысты оны алу немесе оны төмендету деңгейі, яғни осы өзгеріс Тараптарға қатысты қолданылады.

Осылайша, Шартқа мүше мемлекеттерге экспортталатын тауарларға қатысты әкету кедендік бажы көлемі үшінші елдерге экспортталатын осындай тауарларға қолданылатын әкету кедендік бажы көлемінен аспауы тиіс.

Бүгінгі таңда, үшінші елдерге, осындай және Шартты елдерге әкетілетін әкету кедендік бажымен салуға жататын тауарлар тізбесі, сондай-ақ осындай әкету кедендік бажы көлемі «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығымен (бұдан әрі - № 81 Бұйрық).

Баяндалғандарды ескере отырып, Өзбекстан Республикасына әкетілетін тауарларға әкету кедендік бажымен салуға жататын тауарлар тізбесін және  осындай әкету кедендік бажы көлемін анықтау мақсаты үшін № 81 Бұйрығымен басшылық ету қажет.

Осыған орай, угер Шартқа 1-қосымшада Қазақстан Республикасына қатысты көзделген тауарлар, әкету кедендік бажын қолдануға құқық береді, сол мезетте, № 81 Бұйрығымен осындай тауарлар көзделмеген, яғни осындай тауарлар әкету кедендік баждармен салық салынбайды.

№ 2 Мақала

 

Беларусь Республикасымен бекітілген жеке қолданыс үшін бажсыз тауарларды шығару тәртібінің өзгеруі туралы

 

         Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары мен тұрғындарының (жеке тұлғалар) назарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті,  Беларусь Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 40 халықаралық поштамен  жөнелетін немесе тасымалдаушылармен  тауар сапасында әкетілетін жеке қолданыс үшін бажсыз тауарларды шығару тәртібінің бір қабылдаушыға 1 күнтізбелік ай уақыт арасында 22 евро және (немесе) 10 кг болып өзгерістер енгізілгендігін хабарлайды.

         Жеке қолданыс үшін бажсыз тауарларды шығару мөлшері белгіленген тәртіптен асып кеткен жағдайда, «2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалармен жеке қолданыс үшін тауарларды өткізу және тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жүргізу тәртібі туралы» Келісімге сәйкес, кедендік баждар мен салықтарды бірыңғай ставкамен тауар құнынан 30%, бірақ 1 кг үшін 4 евродан кем емес төлемдерге жатады.

         Бұдан бөлек, жеке тұлға кедендік шекараны жиі кесіп өтетін болса (3 күнтізбелік айда 1 реттен көп болса) жеке қолданыс үшін өткізілетін тауарларға құндық белгілер (300 евр) және (20 кг) анықталған.

         Сондай-ақ тауарларды сауда-саттық мақсатында әкелу қатері аз болған жағдайда тауарларды алып тастау жағдайлары белгіленген:

  • Жеке тұлғамен жеке қолданыс үшін тауарларды әуе көлік жолымен шығару;
  • Жеке қолданыс үшін тауарлары бұрын шығарылған және жеке тұлғамен қайта әкелу (шығару туралы құжатпен растау жағдайда);
  • Жеке қолданыс үшін тауарлары бұрын шығарылған және бажсыз әкелу Келісімімен белгіленген ережесі аясында жеке тұлғамен қайта әкелу.

Жарлық 2016 жылғы 13 ақпанда жарияланып, 2016 жылдың 14 сәуірінде күшіне енеді.