Date of publication: 18.03.2016 15:12
Date of changing: 19.04.2016 18:00

      Қазақстан бүкіл әлемдегі ең реформалы экономикасымен алдыңғы қаратдағы мемлекет болып саналып, бірден 4-тен аса реформаны жүзеге асырған мемлекеттер тізімін бастады.

Осылай Қазақстан Республикасы Doing Business-2016 бүкіләлемдік рейтінгінде 12 позицияға көтеріліп, 41 орынды иеленді.

Қазақстан аталған рейтінгке 2009 жылдан бастап қатысып келеді. 6 жыл ішінде біздің еліміз өз позициясын 12 орынға жақсартты. Қазіргі 41-ші орын, біздің 30 дамыған бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына енуге жақын қалғанымыздыңең әсерлі көрсеткіші болып табылады.

Осы уақыт арасында Қазақстан инвестициялық шешімдер қабылдаудағы бүкіләлемдік инвесторлар үшін базалық мемлекеттер қатарына еніп, көптеген мемлекеттер үшін өз экономикалық потенциалының бағалауы болды.

Әр елдің бизнес жүргізуге арналған қолайлы шарттар рейтінгі бойынша орны, он бағыт бойынша алдыңғы қатарлы аралықтан  жырақтық көрсеткіштері бойынша сол немесе басқа мемлекеттен алынған бағалау жиынтығының тәртібі арқылы белгіленеді. Бағыттардың әр қайсысы бірнеше көрсеткіштерден тұрады.

Осыған орай, Doing Business-2016 бүкіләлемдік рейтінгінде Қазақстан позицияларын жақсарту жұмыстары аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасымен 2016 жылғы 10 наурыздағы № 150 «Тауарларды кедендік декларациялау барысындағы құжаттарды ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Бұйрығына қол қойылды.

Бұйрықтың Алматы, Астана қалалары және облыстар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері басшыларының назарына кедендік заңнамаларды сақтау шараларын күшейту үшін ұсынылғанымен, бұйрықта ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларғакедендік рәсімдеу жүргізу процедураларын қысқартуға бағытталған, тауарларды кедендік декларациялау барысында ұсынылатын құжаттарға қатысты ереже бекітілген. 

Бұйрыққа қол қойылған күннен, яғни 2016 жылдың 10 наурызынан бастап,металлды, маталлдан жасалған бұйымдар мен металл сынықтарын кедендік тазарту барысында дозиметрлік бақылау хаттамасын ұсыну қажеттігі жойылды. Бұдан басқа, экспорт кедендік процедурасы бойынша тауарларды кедендік декларациялау барысында, тауардың шығуы туралы куәлікті ұсыну алынып тасталды, тек Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларының шарттарына сәйкес бұндай ұсыну міндетті түрде болған жағдайда ғана куәлік ұсынылады. Мысалы, кедендік баждарды төмендету немесе босату түріндегі тарифтік преференцияны ұсыну қажеттігі немесе декларацияланатын тауарларды преференциалды шығару үшін квота алу қажеттігі туындаған жағдайда.

 

 

Жамбыл облысы бойынша МКД

ТНжКҚБ басшысы                                                   А. Ниязалиев