Date of publication: 14.03.2016 16:50
Date of changing: 14.03.2016 16:53

     

2016 жылғы 11 наурызда Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің конференц - залында Департамент басшысының орынбасары Ерлан Ролланұлы Өмірзақовтың төрағалығымен орта және шағын кәсіпкерлік өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Жиынның негізгі мақсаты-қазіргі уақытта кеден қызметіне еліміздің ішкі сауда айнылымын реттеу сияқты маңызды міндет жүктелген. Басты міндет сыртқы экономикалық қызметке барынша көмек қолын созып, кедендік бақылаудың және республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің тиімділігін қамтамасыз ету.

  

Кеден заңнамаларына енгізілген және әлі де енгізілетін маңызды өзгерістер, кедендік рәсімдеу мен бақылаудың уақытын қысқарту және кедендік әкімшілендірудің сапасын жақсартуға бағытталған маңызды міндеттер бойынша Ерлан Ролланұлы айтып берді.

Өткен 2015 жылы Департаменттің жұмысы барысында, келтірілген бөлек есептік мәліметтерге куәлік ететін белгілі бір нәтижелердің дұрыстығы белгіленген.

2014 жылмен салыстырғанда Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен сыртқы сауда айналымы 38 млн. 142 мың АҚШ доллары немесе 2% өсіп,  1 млрд. 974 млн. 735 мың АҚШ долларын,  жалпы салмағы 2 млн. 687 мың 872 тоннаны құрады.

2015 жылы 6 996 тауар декларациясы рәсімделген. Соның ішінде Департаментпен 1 мың 018 сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар кедендік рәсімдеулер жүргізген.

2015 жылы тауарларды кедендік тазарту уақытысының орта «таза» уақыты мүмкіндігінше қысқарып: импортта – 1 сағат 48 минут, (ақпарат үшін 2014 жылы 3 сағат 57 минут жұмсалған), экспортта – 41 минутты (2014 жылы 1 сағат 23 минут) құрады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің кедендік төлемдер мен  салықтарды өндіру туралы жылдық болжам-жоспары артығымен орындалып 109,8 % құрады. Республикалық бюджетке барлығы 7 млрд. 632 млн. 412 мың теңге аударылды.

Кедендік әкімшілендірудің сапасының жоғарылауына байланысты, 2015 жылы импортталатын тауарлардың кедендік құнын бақылаудың тиімділігі артты. Бір жылдың ішінде, импортты рәсімдеу барысында 853 кедендік құнға түзетулер (КҚТ) жасалып, нәтижесінде бюджетке 438 млн. 876 мың теңге қосымша өндірілді.

Кедендік төлемдер мен салықтардың бір рәсімделген кедендік құнға түзетулерден КҚТ өткен жылмен салыстырғанда 52% немесе 175 мың теңгеге өсті.

          Жеке кәсіпкерлерге қатысты анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша 7 камералды кедендік тексеру актілері жасалып, нәтижесінде жалпы соммасы 227 млн. теңге көлемінде кедендік төлемдер мен салықтар өндірілді.

         Жиналған борыштарды өндіру материалдарымен Департаменттің Борышкерлермен жұмыс басқармасы айналысып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» Кодексінің 18 тарауына сәйкес қажетті шараларды қолданады. 2016 жылғы 20 қаңтарға дейінгі уақытта барлығы 677,5 мың өндірілді. Осы бағыттағы жұмыс әлі де жалғасуда.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 209 бабы бойынша 65 қылмыстық іс (2014 жылы 123 қылмыстық іс) қозғалды. Соның ішінде, мемлекетке 1 млрд. 72 млн. 219 мың теңге зиян (2014 жылы – 2 млрд. 76 млн. 675 мың теңге) келтірілді.

Қазіргі уақытта Департаменттің кедендік бағытында 112 қызметкер жұмыс атқарады. Оның ішінде басқармалық аппаратта – 50 қызметкер, кедендік бекеттерде – 62 қызметкер.

2015 жылы 123 қызметкер жұмыстан босатылды. Тәртіптік жауапкершілікке 62 лауазымдық тұлға тартылды.

Соның ішінде, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылыққа 9 қызметкер тартылды (7 қызметкер жұмыстан шығарылып, 2 қызметкерге қызметіне толық лайық емес тәртіптік жазасы берілді).

Департаменттің кедендік бағытымен СЭҚ қатысушыларға көрсетілетін әр түрлі 10 мемлекеттік қызметтің  сапасының жақсарғандығын атап өту қажет.

Олар: -тауарларды кедендік тазарту, -тауарларды кедендік пломбалар мен мөрлермен өткізу үшін халықаралық тасымалдаудың транспорттық құралдарына кіруге куәлік беру, -кедендік қоймаларды, жеке тауарларды сақтау қоймалары, уақытша сақтау қоймалары иелерін реестрге тіркеу, -кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді тіркеу, -тауарлардың шығу елін анықтау бойынша алдын ала шешім қабылдау қызметтерді жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына осы уақытқа дейін ешқандай шағым түскен жоқ және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылу фактісі орын алған жоқ.

Бұл «дөңгелек үстел» кеден қызметтің айқындығы мен ашықтығының куәсі, сондай-ақ бизнес өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауды жалғастырудың зор ықыласы болып табылады. 

Біздің қызметіміз, Қазақстан Республикасының 30 дамыған елдің қатарына қосылу барысында Елбасымыздың алға қойған мақсаттарын іске асыруға бағытталған.

Мемлекеттік кірістер органдары алға қойылған мақсаттарды іске асыруға үлес қосатын әкімшілік кедергілерді төмендету, еліміздің транзиттік әлеуетін көтеру, кедендік рәсімдердің айқындығын қамтамасыз ету мен контрабандалық тауарлардың өтуін жою барысында белсенді жұмыс атқаруда.

Аталған іс-шараға Жамбыл облысының Ұлттық кәсіпкерлік палатасы мен жергілікті баспасөз құралдарының өкілдері қатысты.

 

 

Жамбыл облысы бойынша МКД-нің Тауар номенклатура және кедендік     құн басқармасының басшысы  Алмас Әшімұлы Ниязалиев