Date of publication: 22.08.2019 09:36
Date of changing: 22.08.2019 09:37

 Ағымдағы жылдың  басынан бастап барлық салық төлеушілердің қызметін тәуекел дәрежесінің төмен, орташа немесе жоғары санатына жатқызу арқылы санаттау енгізіледі

Салық төлеушілерде тәуекелдерді бағалау жүйесін (ТБЖ) қолдануға қатысты, сондай-ақ ТБЖ жүргізу барысында ескерілетін санаттар бойынша сұрақтар жиі туындайды.

Салық кодексінің 137-бабына сәйкес салық органдары салық төлеушілер (салық агенттері) ұсынған салықтық есептіліктің деректеріне, уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті органдардан алған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады.

Осындай талдаудың нәтижелері негізінде 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық салық төлеушілерді (салық агенттерін) санаттау олардың қызметін тәуекел дәрежесінің төмен, орташа немесе жоғары санатына жатқызу және салықтық әкімшілендірудің саралап қолдану шараларын қолдану жолымен жүзеге асырылады.

Салық кодексінің 137-бабының 1-тармағында көрсетілген өлшемшарттардан басқа тәуекел  дәрежесінің өлшемшарттары құпия ақпарат болып табылады. Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі (Қағида) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.02.2018 ж. № 252 бұйрығымен бекітілді.

 Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар:

  • «Салықтық жүктеме»
  •  «Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы»
  •  «Салық есептілікте көрсетілетін шығыстар және кірістер сомасы»
  •  «Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот болған тұлғалармен өзара есеп айырысуы бар салық төлеушілермен мәмілелер»
  •  «Салықтық есептілікте бірнеше салықтық кезең бойындағы залалдарды көрсету»
  •  «Бұрын ұсынылған салықтық есептілікке бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу»
  •  «Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар»
  •  «Арнаулы салық режимдерін қолдану құқығын беретін, Салық кодексінде белгіленген көрсеткіштердің шекті мәніне бірнеше рет жақындау»
  •  «Салықтық мониторингке қатысу» 
  •  «Салық төлеушінің деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолдану»
  •  «Шот-фактураны электрондық түрде шығару»
  •  «Салық төлеушінің стандартты тексеру файлын қолдану»
  •  «Қосымша құн салығы бойынша арнайы шотты пайдалану».

Осылай, Қағидаға сәйкес, тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері бойынша салық төлеушінің қандай тәуекел дәрежесіне жатқызылғандығы туралы ақпарат жылына екі рет анықталатын болады және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілерге «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасына жіберіледі, ал 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап аталған ақпарат  ҚР ҚМ МКК ресми сайтында жарияланатын болады.

Сонымен бірге, тәуекел дәрежесімен қоса, тәуекелдерді басқару жүйесінде қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттардың есептелуі туралы мәліметтер салық төлеушілерге «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасына жіберіледі.

Егер қажет болса, салық төлеушілер «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы арқылы мемлекеттік кірістер органдарына көрсетілген өлшемшарттар бойынша жібере алады (камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар бойынша түсініктемелер алу және түсіндіруді пысықтауға ұқсас).

Мемлекеттік кірістер органдарымен алынған негізделген түсініктемелері болған жағдайда тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде есепке алынып, салық төлеушіге өзгертілген ақпарат жіберіледі.

2019 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша Ақмола облысының   2 422  салық төлеушілерінің қызметі тәуекел дәрежесі жоғары санатына жатқызылған, бұл санаттауға қатысқан салық төлеушілердің  жалпы санынан 4% құрайды.