Date of publication: 15.08.2019 07:58
Date of changing: 15.08.2019 08:00

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2019 жылдың 14 тамызы                                                                    Нұр-Сұлтан қ.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНА 5 ЖЫЛ

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан салық төлеушілері қауымдастығының бірлескен конференциясы ЭКСПО Конгресс-орталығында өтті.

Атап өту керек, іс-шара ҚР мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 5-жыл толуымен сабақтасқан.

Конференция жұмысында Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов, ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев,  Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев, Қазақстан салық төлеушілері қауымдастығының Басқару кеңесінің төрағасы Жаннат Ертілесова, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің өкілдері, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілер қатысты. Барлығы 1000 адам қатысқан.

Конференция жұмысында салық заңнамасындағы және қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарымен байланысты салық төлеушілердің көкейтесті сұрақтары қарастырылды.

Конференция барысында жеке тұлғалар мен ШОБ субъектілеріне арналған салықтық рақымшылық, оның ішінде ШОБ субъектілерінің салықтық берешегі бойынша ағымдағы жағдай, артықшылықтары сияқты мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, камералдық бақылау мәселелері, өткізу мақсаты, ағымдағы жағдай мен ерекшеліктері де тілге тиек етілді.

Шараға қатысушылар электронды шот-фактуралар, арнайы салық режимдері, оның ішінде үшкомпонентті интеграцияланған жүйені қолданысқа енгізу мақсаттары, ынталандыру шаралары талқыға салынды.  

Бақылау-касса машиналарын қолдануға көші, электронды кедендік декларациялау, «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі мәселелері жиналғандардың ерекше назарын аударды.   

Конференция соңында шараға қатысқан салық төлеушілер орнатылған кері байланыс үшін алғыстарын жеткізіп, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін Комитеттің бес жылдығы мерекесімен құттықтады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)