Date of publication: 18.07.2019 08:32
Date of changing: 18.07.2019 08:34

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "FAUNA&FLORA INTERNATIONAL", "PANTHERA" ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде "Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының" бастамасы бойынша кинология желісі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде "Fauna&Flora International", "Panthera" табиғат қорғау ұйымдарының өкілдері үшін Қазақстанның кинологиялық қызметінің жұмысымен, атап айтқанда "ДСҰ Өңірлік Кинологиялық орталығы" халықаралық мәртебесі бар Азияның жетекші орталықтарының бірімен, Кинологиялық орталықтың (Алматы қ.) қызметімен танысу сапары ұйымдастырылды. Сапардың мақсаты заңсыз саудаға қарсы күресті күшейту және Қызыл кітапқа енгізілген Жабайы флора мен Фауна өкілдерінің контрабандасының жолын кесу, сондай-ақ "Fauna&Flora International", "Panthera"табиғат қорғау ұйымымен кинология желісі бойынша конструктивті ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Кинологиялық орталық 2014 жылдан бастап ҚР кеден және шекара қызметтері үшін "туындыларды іздеу" бағдарламасы бойынша қызметтік-іздестіру иттері бар офицер-кинологтарды дайындайды. Делегация құрамында АҚШ-тан Питер Бенджамин, Эштон Тэйлор, Татьяна Фелисити, Германия - Зутер Стеффен, Ұлыбритания - Дэвид Джеймс қатысты. Кездесу барысында делегация қатысушыларына кинологиялық орталықта қолданылатын иттерді дайындау және қолдану тактикасы мен материалдық-техникалық және оқу базасымен танысуға мүмкіндік берілді. Туындыларды іздеуге дайындалған қызметтік иттердің іздеу жұмыс сапаларын көрсету және тексеру кезінде иттерді тактикалық дұрыс және әдістемелік дұрыс қолдану тәсілдері көрсетілді. Кездесу қорытындысы бойынша сарапшылар қазақстандық қызметтің кинологиялық қызметін ұйымдастырудың жоғары деңгейін, сондай-ақ кездесуді ұйымдастырудың жоғары кәсіби деңгейін атап өтті, олар орталықтың Жабайы флора мен Фауна өкілдерінің заңсыз саудасы мен контрабандасының жолын кесуде қызметтік иттерді дайындау және қолдану саласындағы жұмысына оң баға беріп, Кинологиялық орталық мамандарының кәсібилігін атап өтті.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)