Date of publication: 13.05.2019 14:52
Date of changing: 13.05.2019 14:58
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

 

Зикеев Ерлібек Қырғызбайұлы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды

 

Бүгін, 2019 жылдың 8 мамырында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мамаев Қаржы Министрі Әлихан Смайыловтың Бұйрығымен тағайындалған Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлібек Зикеевті ұжымға таныстырды.

Зикеев Ерлібек Қырғызбайұлы, 1962 жылы туылған, қазақ, білімі жоғарғы, 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, 2001 жылы  Қырғыз-Ресей білім академиясын бітірді, біліктілігі – экономист, заңгер.

Салық жүйесінде 1997 жылдың маусым айынан бастап жұмыс атқарады, 1997 жылдан 1998 жылға дейін - Жамбыл облысының Қордай ауданы бойынша салық комитетінде бөлім бастығы, 1999 жылдан 2006 жылға дейін Жамбыл облысының Қордай және Т.Рысқұлов аудандары бойынша салық басқармаларының басшысы, 2006 жылдан 2007 жылға дейін - Қостанай облысы бойынша салық комитетінің басқарма басшысы, 2007 жылдан 2010 жылға дейін - Рудный қаласы бойынша салық басқармасының басшысы, 2010 жылдан 2011 жылға дейін - Алматы облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары, 2011 жылдан 2014 жылға дейін - Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары, 2014 жылдан 2018 жылға дейін - Тараз қаласы  бойынша  Мемлекеттік кірістер  басқармасының  басшысы, 2018 жылдан бастап – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы.   

2019 жылғы 8 мамырдан бастап Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)