Date of publication: 25.11.2015 10:08
Date of changing: 25.11.2015 10:09

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы негізінде Салық кодексінің 472-бабының 3-тармағына өзгеріс еңгізілген, 2016 жылдың            1 қаңтарынан бастап жыл сайынғы лицензиялық алымның төленгені туралы оған сәйкес кезеңде күшіне енеді (20 қаңтарға дейін) алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу жөніндегі бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін төлейді.

Бұл жағдайда, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 қарашада «Казахстанская правда» № 210 (28086) және «Егемен Қазақстан» № 210 (28688) газеттерінде жарияланғанын хабарлаймыз.

Бұл түсіндіруді қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер құрылымдары басшылыққа алуға және салық төлеушілерге хабарлауды қамтамасыз ету қажет.